Архивы Қобыраған - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Қобыраған қолжазба
Менің тұңғыш жинағым «Бастау» отыз жасымда жарық көрді. Көлемі оқушы дәптерін төртке бөлгенде, соның бір бөлігіндей ғана. Ішіндегісі отыз шақты өлең. Жалғыз «Жазушы» баспасына қарап қалған заман ғой, соның өзіне шүкіршілік дедік. Енді әлгінің қалай жарық көргенін айтайын. Мүмкін, бүгінгідей жөргектен тұңғыш томдығын ұстай түсетін кейбір жастарға тағылым болар.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары «Жазушы» баспасының қатарына «Жалын» баспасы қосылды. Бұл қазақы ұғыммен айтсақ, үлкен үйден бөлініп шыққан отау секілді нәрсе ғой. Дәстүр бойынша отауға енші беріледі. Ал, баспада қаптаған қолжазбадан басқа қандай «мал-мүһәммәл» болмақ. Соның біразы жас баспаның қарамағына ауады. Бұл жерде «ауады» деген әншейін сөз. Қолжазба айдаған жағыңа бүтін күйінде жүре беретін қой емес. Белінен буылған қағаздар. Ол жаңа жайға тасымалдау кезінде шашылады, төгіледі, қобырайды, қопсиды. Бір-бірімен мидай араласады. Кейбіреуі желге ұшып, жоқ болуы да мүмкін.

Сол қобырай, қопси ұшқан қолжазбалардың бірі менікі болып шығады. Аты – «Саумал». «Саған әлі ақырған қымыз болуға ертерек» – деп Ақселеу ағам қойып берген. Абырой болғанда, жаңа баспаның «Жас авторлар» редакциясында балқаштық жерлес қыз Жанар қызмет істейді екен. Ақын Бақыткерей Ысқақовтың жары. Желмен ұшып, жартылай жеңілдеп қалған қолжазбам соның көзіне түсіп, редактор жігіттерге әкеп береді. Олар оқып көріп, «дайын тұрған өлеңдер екен, авторымен хабарласып, суретін алдыр. Келесі жылға жоспарлаймыз» – дейді Жанарға.

Сұратқан суреттерді жіберіп, аудандық газеттің қара жұмысына қайта жегілгем. Бір күні қазақтың дарынды ақындарының бірі, өлеңде көптеген қызықты эксперименттер жасап, жаңашылдығымен жан-жағын баураған Жүсіп Қыдыровтан хат келіп тұр. Сол жылдары көп ұзамай қайтыс болып кеткен ақынның рухы бір қозғалсын деген ниетпен көлемі шағын хат мәтінін толық келтіруді және сақталуы сапасыз болғанына қарамастан, түпнұсқаның фотокөшірмесін қоса ұсынуды жөн көріп отырмын:

«Абзал! «Саумал» атты жинағыңды оқып шыққам. Өлең жасай алатындығың емес, жаза алатындығың ұнады. Кәзір бізде өлең жасағыштар көбірек екенін ескерсек, сенің бойыңдағы табиғи қасиет қуантады. Тек құлашты кеңірек жазып, тереңірек тыныстау керек. Солай болады ғой деп сенем де.

Бізде жаңадан «Жас авторлар» редакциясы ашылған. Онда тұңғыш кітаптар шығады. Редакция меңгерушісі белгілі ақын Әнуарбек Дүйсенбиев. Мен ол кісіге сенің қолжазбаң жайлы пікірімді айттым. Бірақ, 1978 жылдың «Тұңғыш кітабына» енгізуге мүмкіндік болмады. Бұрыннан 5-6 жылдай жатқан авторлар жіберілді. 1979 жылға енерсің деген үміттемін. Оған дейін Әнекеңмен хабарлас.

Тілектес ағаң Жүсіп. 14.XII. 77.»

Жүсіп ағаның ыңғайына көніп, Әнекеңмен хабарластым. Бүгінгідей SMS, WhatsApp секілді жедел тетіктердің тентіреп жүрген кезі. Құдай берген «АВИА» деген конверт бар. Хатыңды соған салсаң, алты күнде Алматыға жеткізеді. Асыл ағадан алыста жатқан авторға қамқорлық көрсетуін сұрадым.

Сол кездің адамдарының қарым-қатынасқа сергектігін, үлкені былай тұрсын, кішіге кішіпейілдігін айтсайшы. Қоғамда кергуге де, кесірленуге де жол бермейтін ішкі мәдениет мәйегі мығым еді ғой. Кешікпей жауап хаты да жетті. Осыдан көп ұзамай, Жүсіп ағаның ізімен жұмаққа аттанған аяулы аға рухына тағзым ретінде, уақыт уқалап үлдіреп қалған мұның да түпнұсқа фотокөшірмесін және өмірі көріп-білмеген мені бауыр тұтып бағалай жазған хатын толықтай ұсынуды жөн көріп отырмын. Мақтан үшін емес, әрине. Керісінше, кішіге қамқор болуды – кішірею деп емес, ірілену деп ұғатын осындай мәрт мінезді ағалардың бүгінде сиреп кеткенін сездіру үшін. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегенді «Ұлық болсаң, ұрлық бол», – деп түсінетіндердің миына тағы да бір таптай түсу үшін. Хат мәтініне қаралық (Жүсіп ағаның хатындағы сияқты мұнда да автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталды. А.Б.):

«Қадірлі Абзал! Хатыңды алдым. Қосымша жіберген қолжазбаң да келді. Айтып, жазған әңгімеңнің бәрі орынды. Сендерге қол ұшын беріп, шама келсе қызмет істеген, әрине, азаматтық парыз ғой.

Жинағыңды оқып шығып, «Тұңғыш» сериясына дайындап қойдым. Өлеңдерің өте ұнады. Сен өз бетің, өз бағыт-бағдарың қалыптасып қалған ақынсың. Енді «Алла алдыңнан жарылқасын» дейміз. Мен таңдап, талғап алдым. Алғаш кітабы жарқ етіп жақсы шығуы – автор үшін басты шарт. Сол кітап, сол жақсы лебіз көпке дейін жетелейді. Өзіңе де шабыт, қуат беріп отырады. Мен сол жағын көздедім. Бірақ «Тұңғышқа» 700 жолдан артық өлең сыймайды. Ол – 1 баспа табақ деген сөз. Осы шығып кетсе, – 1980 жылға 2 б.т. жоспарлатып қойдым. Ендігі әңгіме – сол мәселені қадағалау ғана.

Мен ертең осындағы бір ауруханаға жатып шығам. Онда 10-15 күн болармын. Ескі, үйреншікті ауру бар еді. Сен маған хат жазып мазалай бер. Жұмыс көп. Ұмыт болып кетуі де мүмкін.

Сәлеммен, Әнуар – Ағаң. Адрес г. ААта, 480072, ул. Масанчи, 104, кв. 31. Дуйсенбиеву А.Т.

Абзал! Хатты жібермей қалтамда ұстап қалыппын. Жаза салып, больницаға жатқанмын. Бүгін 10 февр. күні шығып, жіберіп отырмын. Ғафу ет. Сәлеммен, (Қолы қойылған – А.Б.)».

Жалпы, сөзі мен өзі үйлесетін бір адам болса, ол – осы Әнағаң-ау. Хаттың жазылу мәнеріне қараңызшы. Қандай майда, қандай мәдениетті?! Тұнып тұрған тәрбие, ұйып тұрған ұлағат. Кішіліктің шекпенін жамылған ірілік, қарапайымдылықтың қаптамасын киген тектілік танылып тұрған жоқ па жазған хатын уақытында жібере алмағаны үшін қайдағы бір қара баладан кешірім сұрап тұрған осы адамнан?! Бүгінгілер еткен еңбегін бұлдап мазамды алма, – деуге дайын тұрса, «хат жазып мазалай бер» дейтінін қайтерсің тағы?!

Маған сырттай қамқорлық көрсетіп, тұңғыш кітабым «Бастаудың» шығуына қатысы болған осы үш ақын – редакторым Ескен Елубаев, Жүсіп Қыдыров, Әнуарбек Дүйсенбиевті көзі тірісінде көріп, қолын ұстауды тағдыр маған жазбапты. Есағаңды арнайы іздеп барып, таба алмай кеткем. Бүгінде үшеуі де бұл өмірде жоқ… Болмағандай, кітабымды шығармағандай, хаттарын жазбағандай… Әй, басы сайран, аяғы ойран опасыз дүние-ай! «Құдай-ау, қайда сол жылдар», – деп бекер күйінбеген ғой ұлы Абай. Енді, сол үш арысқа кезінде жас автор болған өзіміз де қалтылдаған қайықтың үстінде қалдық. Ғайыптың қайығы…

Абзал БӨКЕН,

ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Сообщение Қобыраған қолжазба появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.