Архивы МаратАзбанбаев - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Құрылтай – адал еңбек бірлестігі
1917 жылдың 20 қарашасына тағайындалған Бүкілресейлік құрылтайға депутаттардың партиялық тізіммен сайланатынына байланысты түрлі партиялар жедел құрыла бастайды. Омбыда ақпан төңкерісінен кейін құрылған саяси-қоғамдық ұйым «Қазақ еңбекшілерінің одағы» 1917 жылдың күзінде «Үш жүз» партиясына айналып үлгереді.

Коллажды жасаған А.Коктаева

Саяси партия құру ісіне «құрылтай» сөзінің қызмет етуін ескере отырып, бұл сөздің түпкі, құқықтық мағынасын ежелгі Римдегі «сот, құқық, заң» деген мағынадағы «curia» термині арқылы анықтауға болады.

Ғалым В.Яйленко «curia» әуел баста «c (o) u (i) ria» деген тұлғада таңбаланып, «ер адамдардың бірлестігі» деген мән-мағынада жұмсалғанын жазған.

Қазіргі мемлекеттік институттары іспеттес алғашқы азаматтық «ер адамдардың бірлестігіне» есі дұрыс, үйлі-баранды, малды, қарулы, қайратты адам ғана мүше бола алған.

Ежелгі ер-азаматтар бірлестігіне қатысты Абайдың да айтатыны бар ғой: «Балалық өлді білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті көрдің бе? Кәрілікке көндің бе? Кім біледі сен кәпір, Баяндыдан сөндің бе? Баянсызға төндің бе? Әлде, айналып кім білер, Боталы түйе сықылды, Қорадан шықпай өлдің бе?» деп.

Адамзатта «қызметкер» деген құқықтық мағынада қолданылатын Абай өлеңіндегі «бала» да, «жігіт» те қазақ қоғамындағы қарым-қатынасты реттеуші қызметін атқарған құқықтық терминдер мәртебесіне ие сөздер.

М.Әуезов те «Абай жолы» роман-эпопеясында әкесі Құнанбайдың қарамағына қызметке қайтып оралған Абайды «бала шәкірт» деп, Тобықтының бір үлкені жанына ерткен жас жолдасы іспеттес Жиреншені «бала жігіт» деп ілкі құқықтық мағыналарына сай атайды.

Абай да «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңінде «еңбек» сөзін әркімнің қоғамға, көпке пайдалы, жақсы қызмет қылуы мағынасында қолданған: «Өзім де басқа шауып, төске өрледім, Қазақта қара сөзге дес бермедім. Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім».

Бұл өлеңде Абайдың айтып отырған «Қазақта қара сөзге дес бермедімі» – құқықтық саяси қызметі.

XIX ғасырдағы ғалым В.Радлов «қазақтың «қара сөзі» – ислам дінінің ықпалына ұшырамаған, қазақтың таза ұлттық ақыл-ойлары мен өлеңдерінің ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей келе жатқан ауызша жинағы» дейді. Абайдың қазаққа қылған қызметі, адал еңбегі де осы – қазақтың ұлттық құқықтық ой мәдениетін ала қағазға түзу сөзбен түсіріп, халыққа таза және толық жеткізуі.

Қазақ тіліндегі «еңбек» сөзінің көне «михнат», «бейнет» деген мағыналарына қарағанда ер адамдардың саяси бірлестігі де қоғамдағы еңбек бөлінісінен шықты деуге негіз бар.

Абай да өз заманындағы әлеуметтік топтарды еңбек бөлісіне қарай сипаттама берген, қазақ ішінде бай, мырза, болыс, би, мықты, есті кісі, ғаріп-қасар бишара, қу мен сұм, құттылар, сүттілер, жақсы аталар бар деп.

Тіл білгірі Н.Маррдың түсіндіруіне сай «бар» сөзі де көне құқықтық термин, мағынасы «бүкіл ұжымның мүшесі». Осы тұрғыдан алғанда «Алаш» партиясының қазақты әртүрлі әлеуметтік топқа бөлмей, біртұтас, ұлттық бірлестік деп қарағаны заңды іс болатын.

Әлихан Бөкейхан «Бүкілресейлік құрылтай құдайдан соңғы күшті, мұның ісін бұзатын мәжіліс үкімет жоқ. Бұл барша Русия мемлекетінің негіз законын басқарады, мұнда барша қазақтың да ісі қаралады» деп бағалаған құрылымды сайлауда жеңілген большевиктер 1918 жылдың 19 қаңтарында бүлік шығарып, күшпен таратып жіберіп, басқа партияларға қуғын-сүргін жариялаған кезде елде азамат соғысы басталды да кетті.

Азамат соғысының тарихы талай сөз болған, сол себептен біз алғы тақырыптан ауытқымай 1919 жылдың 1 желтоқсанындағы Семейде тұрған Колчак горнизоны солдаттарының түнгі төңкерісіне тоқталайық. Қаладағы билікті қолға алған әртүрлі әлеуметтік-саяси көзқарастағы ағымдардың 14 өкілдерінен тұратын әскери-революциялық комитетін «ер адамдардың бірлестігі» деуге келеді. Түнгі төңкерістен екі-үш күн өткенде қалаға Мамонтовтың түрлі-түсті партизандық армиясы кіріп, бірлестіктің құрамы 24-ке жетеді.

Желтоқсанның 16-сында Семейге Ресейдің орталық атқару комитеті «Сібірдегі азаматтық басқаруды ұйымдастыру туралы» қаулысымен 1919 жылдың 27-тамызында құрған Сібір ревкомының өкілі П.Голиков келіп, большевиктік билік бекіткен мандаттары бар үш адамнан тұратын Семей губревкомының құрамын жария еткен соң бұл бірлестік өз қызметін тоқтатады. (Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы Қ- 200 т.1 іс.140, Қ-72, т.1, іс 7. Ары қарай ҚЗТҚО).

1920 жылдың 18 қаңтарында Семейге жергілікті жағдаймен танысуға Сібір ревкомының мүшесі В.Косарев келеді де, қаладағы қазақ еңбекшілерімен бірнеше кездесулер өткізеді (ҚЗТҚО Қ-72 т.1 іс. 21, 41,47,76,147 бб.;).

Бұл жолы В.Косарев Омбыдағы Сібір ревкомының 1919 жылдың 2-желтоқсанында губерниялық, уездік ревкомдарда қазақ секцияларын, болыстық және ауылдық ревкомдарды құруды ұйымдастыру керек деген шешімін орындау үшін келген еді (ҚЗТҚО Қ-72 т.1 іс 4. б. 6).

Еңбекшілердің бас қосқан жиындарында Семейдегі губревкомның құрамына өткен Жақсылық Төленұлы 1920 жылдың 13-ақпанында қазақ қайраткерлерін заңсыз қамауға алу фактісіне қатысты жазбаша баяндама түсіргенде өзін «член губревкома от киргизской рабочей партии» – қазақ еңбекшілер партиясынан деп көрсеткен (ҚЗТҚО Қ-72 т.1 іс. 18, 304 б.).

Бір қарағанға сол кезеңде ресми тіркелген, советтік билік таныған қазақ еңбекшілерінің партиясы болмағандықтан Ж.Төленовтің дүниеде жоқ партияның өкілімін деуі заңсыз деуге келер.

Дегенмен, В.Косарев Семейдегі қазақ еңбекшілерінің басын құрап, олардың құрылтайын ұйымдастырып өткізуі – ел ішінде адал еңбек адамдарының бірлестігі болғанына дәлел. Тек тиісті саяси құрылымдық деңгейге көтеру мәселесі дер кезінде қолға алынбай қалған іс еді. (Движение Алаш. 2011. Т.1. 150 стр.)

1920 жылдың 16 ақпанында губревком мүшелерінің арасында қызметтік міндет бөліскенде Ж.Төленұлына қазақ секциясы жұмысы тапсырылады (ҚЗТҚО Қ-72 т.1 іс. 21, 76 б.).

1920 жылдың қаңтарында Қарқаралы мен Семейде 5-ші армияның 59- шы дивизиясының ерекше бөлімі қазақ қайраткерлерін заңсыз қамауға ала бастайды.

Бұл заңсыздық фактісі Ж.Төлен­ұлына мәлім болғанда, ол 4 ақпан күні 800000 қазақ халқының аты­нан қарсылық білдірген наразылық телеграммасын Орынборда отырған Қазақ төңкеріс комитетіне жолдайды.

Елдегі саяси күштердің күш сынасқан күндестігінен хабардар Ж.Төленұлы 4-ақпанда Сібревкомға да телеграмма соққан.

Қазақ төңкеріс комитеті Төлен­ұлының телеграммасын ресми отырысында 10 ақпанда қарайды. (Орталық Мемлекеттік Мұрағат Қ.-14. т. -3, іс-17, 7-бет; Қ-14, т.1, іс- 104, 1-б. ары қарай ОММ)

Омбыдағы Сібревком Косарев «саяси себеппен ұсталғандарды губ­ревкомның 2 мүшесінің кепілдігімен босатуға болады» деп 9-ақ­панда абақтыдан азат етер заңды жол көрсетіп, жедел жауап қатқан. (ҚЗТҚО Қ-72 т.1 іс. 29, б.59.)

1919 жылғы заң ережесіне сәйкес Семей Қазақ аймағын басқару жөніндегі революциялық комитетіне қарайтын. Сол себептен Кирревком киргиз Төленовтің телеграммасына сілтеме жасап, 5-армияның ревсоветімен хабарласуға міндетті еді. Ол міндетті орындауға олар 11-ақпанда ғана кірісуге мәжбүр болады (ОММ Қ-14, т.1, іс 61, 19 б.).

Ж.Төленұлы 13-ақпанда Семей губревкомның қарауына да қазақтарды қуғындау фактісі туралы жазбаша хат түсіреді. Губревком нақты жауапкершіліктен жылдам жалтарып, мәселені негізсіз сылтау тауып қарамай тастайды. Төңкеріс комитеттерінің түпкі ниеті түсінікті де еді. Әркімнің мақсаты өз керегінде (ҚЗТҚО Қ-72 т.1 іс. 17, б.2; іс-19, б.84).

Пролетариат диктатурасына табынған топқа Абайдың «Адамды адам қылатын құрылтай – адал еңбек» деп атаған түзу жолды таңдап алған қазақ қоғамы мүлдем керек емес-тін.

Марат АЗБАНБАЕВ.

Сообщение Құрылтай – адал еңбек бірлестігі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Поэзия – жоқтан бар болудың негізі
Біз алғы бір сөзімізде Абай мен Михаэлис тұлғаларын көне гректік «Para- deicnumi» терминінің мән-мағынасына сай қатар қойып салыстыруымыздың өзіндік құқықтық себебі бар еді. Екі атау­лы тұлғаның ұлты да, ұлысы да, ортасы да, ордасы да бөлек, бірақ негізі бір – екеуі де адам болып өмір сүруге жаратылған адамзаттың нәсілі.

Аңызға сенсек, Жаратушы адам рухына «халық қылам, жерді мекен қылып берем, тек онда адам болып өмір сүруге тиістісің. Жақсылықты тірек қылып жасаған ісіңнен зарар шығып кетпесін ойла, көпке пайда боларлық бір үміті бар іс болсын. Бойыңа ғылым, ғадаләт, рахым дарыттым, олардың басын бұрғызып, өзге жолға салып жіберуші болма, қайта өз халіңше гүлдендіріп, кәмәлатқа жеткізбек ізденіс жолында бол. Бұларсыз іс – іс емес» деп шарт қойған.

Коллажды жасаған Ш.Адамбекова

Адам баласының осынау кемел келісімнен жаралғаны анық іс екендігіне «Алаш» терминін талдасақ, анық көз жеткіземіз. Алаш терминіндегі индо-европейлік «AL» түбірі сабақты етістіктерде адам баласын сәби, нәресте кезінен кемеліне жеткізуге байланысты барша қызметтерді белгілейді («Этимология» 1967 ж. 36 б.).

Біздің дәуірімізге дейінгі IX-VI ғасыр­дағы Урарту тілінде де адам баласының өсіп-өнуіне қатысы бар етістікті көреміз «Al (a) d/tu» – қамқор болу, жарылқау, сақ­тау, аяу, есіркеу (Г.А.Меликишвили. Урарту тілі. 66 б.).

Адамзатта аналық символын білді­ретін көкнәр өсімдігі Серб-кроат тілінде «Аla» сөзімен аталады («Этнографическое обозрение» журналы 1900 жыл №1-2. «Заметки по истории народной ботаники» М.А.Дыкарева).

Бұрынғы гот тілінде alan – өсу, көне ағыл­шында alan – «асырау», ескі исланд тілінде ala – асырау, өсу, өну.

Орыста «Алаборить» – реттеу, тәртіпке келтіру. «Алабөрі» – қарызға несие алған адам уақытылы қайтармағанда, дүние-мүлкін тәркілейтін, сот қызметкері, латында аla – қанат және эскадрон атауы.

Қазіргі қазақ тіліндегі «Қоңырат» термині байырғы заманда «құнғұрат», «қоңғырат», «хунгурат» болып таңбаланатын. Исланд тілінде «хондрад» – жүз, сотня. «Сотня» мен «жүз» терминдерінің мағынасы – саны анықталмаған көпшілік, жұрт. Орыста «старик» сөзінің мағынасы жүз басы. Мұндағы «рик» – басшы, «ста» – саны анықталмаған жұрт, белгісіз көп.

Ахмет ханның кезінде аттанысқа жарарлық қазақтан үш жүз әскерді үш жүз басы билепті. Әр жүздің халқы өз ынтымағымен бір туысқанға есеп болған. Қазақтың «Үш жүздің баласы» дейтұғыны – сол.

Жаңағы жүздіктің жиналыс кеңесін «mallus», яғни, «халықтық кеңес» деп атаған. Мұндағы «Mal» – келісім. Арғы қазақта осыдан келісімнен сұрау салу формуласы шыққан: «Мал-жан аман ба?» Яғни, жаратушы мен екі ортадағы келісімнің шарттарын сақтап, адам болып ғұмыр кешіп жүрмісің?

Ескі шумерде «6» санын таңбалайтын белгі «Аш» деп оқылыпты. «Алты» саны теософияда адам деген ұғымды береді. «Алты алаш» – жетілген, кемеліне жеткен адам баласы.

Урартуда «ұлы», «маңызды» деген ма­ғынадағы «Al (a) s (u) in i/e» сын есімінің қазақтың «Алаш» ұғымымен бір екендігін Абайдың «Алаш» терминін «халық», «қазақ» ұғымы ретінде қолдануы растайды.

Алаш сөзінің түбірі болып тұрған «AL» етістігі этруск тілінде «беру», «сыйлау» деген мағынаны көрсетеді. Адам баласының үзілмес нәсіліне өмір сүру құқығын берген бар қылушыны «Сый» деп аталғанын П.Чаадаев бекітеді.

Өмір Алла сыйы деген ой алғаш «Алпамыс» эпосында айтылған. Байбөрі мен жары Аналық жасы келіп қалған шақта Алладан перзент сұрап әзіреті сұлтанды іздеп шыққанда Жаратушы оларға бір ұл, бір қыз сыйлайды. Қызының аты – Қарлығаш, ұлының аты – Алпамыс.

Этруск тілінде «Alpu» сөзі «сый» деген мағына береді, қазақтың «Алпамыс» сөзінің мән-мағынасы «адам баласына сый­ға берілген өмір сүру құқығы».

Қызыл тіл де Жаратылыс заңының сы­йы. Сол себептен, ел ақтаған ақындыққа құ­марларға Абай: «Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан, нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан? Сүйсінерлік адамды құр­мет қыл, аулақ бол әнін сатып нәрсе ал­ғаннан».

Қазақ атауын да мемлекеттік мәртебесі бар көне құқықтық терминнің қатарына жатқызуға тиістіміз.

Шумерлердің «Ka za num» сөзінің мағынасы «ауыл ағасы, басшысы» дегенді білдірсе, иврит тілінде Kazak – «мықты» дегенді сипаттайды.

Қырық рудан жиналған, қырық қалалардан құралған шумерде оқығандар мемлекеттік басқару жүйесіндегі билікті «bala» атты құқықтық қағида негізінде кезек- кезек алмасу жолымен атқарып отыр­ған.

Банту халқының зезура тайпасының тілінде bala етістігі «жазу», «оқу» деген мағына беретіндіктен, шумерлерде алғашқы қоғамдық, мемлекеттік бюрократиялық билік білімді «bala» тобынан басталған.

Осынау «bala» қызметкерді М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кез­дестіреміз: бала шәкірт – Абай, бала жі­гіт – Жиренше.

Бұрынғы қазақтың құқықтық терминдерін Еңсегей бойлы Есім ханның ескі жолы деген бірліктен де табуға болады.

«Бойлы» термині көне түркі тілде «сот, би, судья» деген мағына берсе, «еңсегей» сөздің түбірі «еңсе» – патша деген мәртебеде шумерлерде пайдаланылған. Ескі жол – ескі сөз, заң.

Қазақтың ауыз әдебиеті «Қарға тамыр­лы қазақпыз» деп бекер айтпаған ғой. Өмір сүру құқығын іс жүзінде іске асыру­ға қызмет ететін өсіп-өну қағидасын мық­ты сақтаған ескі тілдегі «қаригинак» сө­зінің мағынасы – шоқ қайың.

Қарға бойлы Қазтуған есіміндегі «қар­­­ға» да ақ қайың, ағаш. Қазтуғанның есі­­міндегі «қарға бойлы» – биік, әділ, ра­­хымды, мейірімді сот деген мағынада қолданылуда. Қайың ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерде де тез өсіп-өнеді де, қайыңның тамыры мықты, берік болып бітеді.

Заңгер, тіл ғылымының білгірі В.Гумбольдттың жинағындағы тагал тілінен алынған «to bo» сөзі сияқты қазақтың төбе би термині өсімдік әлемінің өсіп-өну заңына сәйкес жаралған.

Тагалда «to bo» – өсімдіктің жер бетіне өсіп-өніп шығуы. Ново-зеланд тілінде «to» – өмір.

Төбе би – өмірдің гүлденуі, әркімнің бойындағы ғылым, рахым, ғадаләтті гүлдендіруі, кемелдікке жеткізу жолындағы адаспай тура ізденгені. Бала биден төбе биге жетілу.

Швед тіліндегі «bala» етістігінің мағынасы – құстың ұя салуы. Ұяда не көрсең, ұш­қанда соны ілесің.

Ағылшындық ғалым Сэр Генри Джеймс Самнер Мэн көне рим құқығын сот (bench) емес, bar деп аталатын еркін құ­қық қайраткерлері қалыптастырған дей­ді. Ғалым А.Милитареваның пікірі бойынша шумерлік «bar» мен сабейлік «brr» сөзінің мағынасы бір – жол аршу, жол ашу, жол шығару.

Бала шәкірттіктен соңғы төбе би болып өсіп жетілген біздің Абай үшінші қа­ра сөзінде Алаштың бала билері де қазақтың ескі сөзін осы жолмен жетілдіріп отырғанын атап өткен.

М.Әуезов Абайдың «Ортаға көп салдым, өзімде барымды. Япырмау, неңді алдым, сау қоймай арымды?» деген сөзін роман-эпопеясына қазық қылады. Оны автордың эпопеяны «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды» деп бастағанынан-ақ байқайсыз.

Тіл төресі Н.Маррдың талдауы бойын­ша «bar» сөзінің мағынасы – бүкіл ұжымның мүшесі, әр адам өз халқың.

Қазақ «bar» сөзін «bai» терминімен қоса «bai bar» деп айтатын, ол «байлық-барлық» түрінде сақталып қалған.

Шынында да, ақылы, көңілі, білімі, көргені, сезгені бай болмаса несін айтпақ, несін салмақ, сол себепті, қазақ «Бар – барын айтат, жоқ – зарын айтат» деген.

Көне еврей тіліндегі Інжілдегі «Бара́» етістігінің мағынасы – жоқтан барлыққа келтірді. Адамзатты бар қылушы, – жаратылыс заңы. Мекен берген, халық қылған – бір үлкен құдай.

Көне грек сөздігінде «поэзия» терминінің мағынасы жөніндегі түсіндірмеде Платонның пікірі келтірілген: «Всякая причина перехода из небытия в бытие есть творчество» – жоқтан бар болудың әр себебі шығармашылық.

Шынында да, мына көзге көрінген бар тіршілік, табиғат, бар мен жоқ жаратылыс заңының туындысы, шығармасы, ғылымы.

Ғылым шығару мен өлең жазудың ай­ырмашылығын анық аңғарған Абай да айт­қан: «Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп» деп.

Шын шығарманың жалғыз авторы – Алла тағала. Поэзия патшасы! Алғашқы ақын! Соңғысы да – сол!

Марат АЗБАНБАЕВ.

Сообщение Поэзия – жоқтан бар болудың негізі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қазақ классикасының қазығы – криминалистика
« …Шәкәрім ақталыпты. Ұлы Ахат елге келіп кетіпті. Қажы өлеңдері жарыққа шығыпты». Абай елінде қызметте жүрген Ақторғайға жеткен осы бір үш хабар оған әкесі Азбанбайды іздеу қажет деген ой салды. Бірақ, 1931 жылдан есімі ұмыт қалдырылған Шәкәрім қажыны енді ғана еске алғанда мұның колхозшы әкесін «Үкімет есепке алар-ау!» деп үміт етуге қисын бар ма? Ол уақытта Ақторғай жалғыз емес-тін, советтер елінде репрессия жағдайында сенісерге жан таба алмай, ит жүрегі сенделген миллиондаған жұрт ғұмыр кешіп жатқан. Сенісер адам, сенер үкімет жоқтығының себебі әділет ісінің алды-артын байқарлық білім, ғылымның ішкі сырын білмес мінезде жатты.

Ғалым Д.Дриль «Қай халық­тың болмасын тағдыр болмысын анықтайтын дүние – мінез» деген. Абай да «Адамның ақылы мен ғылымын сақтайтын сауыты – мінез бұзылмасын» деп ескерткен. Криминалистика ғылымының екі білгірі ескі сөзге сүйеніп айтқан ойын қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосы растайды.

Эпос – байырғы ескі сөз. Абай «ескі сөз» терминімен қоғамдық қарым-қатынас­ты реттеуші заңды атаған. Эпостық құл Қодар шал Қарабайдың бос сөзіне сеніп, жалғыз қызы ақ Баянды алмақ болып үміттеніп, өзінің қоғамдағы орнын көрсететін заңға менмендікпен мән бермеген.

Атасы жел, анасы жел тантық, құл Қодар тоқсан мың жылқы айдаған Қарабайдың малын шөлден аман-есен алып шығуға жалданады да, Қарабай Қодарға жалғыз қызы Баянды қалың малсыз, борышсыз бермек болып уағда қылады. Намыссыз Қарабаймен серттескен құл Қодар бай шалға «Бейнеттеніп Бетпақтан өткізген соң дер кезінде, Қареке-ау, алдап кетпе» дейді.

Эпостағы Қодардың әлеуметтік мәртебесі – жалдамалы қызмет көрсетуші, құл. Заң бойынша құл қыздың басына тиесілі қалың мал өткізсе де, азат қызды оған ұстатып жіберуге ата- анасына тыйым етілген.

Біздің дәуірімізге дейінгі XVIII-XII ғасырлар аралығында Кіші Азиядағы Хетт мемлеке­тінің Сот Жарғысының 34 тарауында келтірілген бұл заңның нормасын академик В.Струве келесідей аударған: «Егер де құл азат қыздың қалың малын беріп, қатын қылып алмақ болса, ата-анасы қыз­ды құлға бермеуге тиісті». ( Көне тарих хабаршысы. 1937 №1. 33-38 бб.)

Эпос Баян қызды қатын қылып алмақшы құл Қодарды сөз соңында өлтіріп тынады. Сұлу қызға құмартқан Қодарға қаза келтіру арқылы автор құлға басы азат қызды беруге тыйым салынады деген заң нормасын жүзеге асырады.

Заң нормасы басы азат, еркін қыздың құқығын қорғаумен қатар оларға құда түсем деп әуре болған дәулетті құлдардың бар мал-мүлкінен айырылып қалмасын ойлас­тырған. Алаяқ Қарабайдың сөзіне иланып ақ Баянды алатынына дәмеленген Қодардың «Қареке-ау, алдап кетпе!» деп зар илегені осы жайды меңзейді.

Струвенің пікіріне сай сот жар­­ғысындағы тыйым нормасы қо­ғамдық санада «құлға қыз беру ұят іс, тіпті, қылмыс» деп санала бас­таған кезде енгізілген.

Қазақ эпосының өзі де аңда жүріп кезігіп, ежеқабыл ретімен белқұда болған Сарыбай мен Қара­байдың қылмысынан басталады.

Аң құмар Сарыбай буаз маралды көздеп атса, мал құмар қасапшы Қарабай маралдың жаны шықпай жатып, ішін жарып, мө­ңіреп шыққан екі қодығын тыпырлатып бауыздап тастайды.

Сарыбай құдасы өлген соң «Жетім ұлға қыз бермеймін!» деп, бата байлауды бұзып, қылдай нәзік құдалығын үзіп, тұра қашқан Қарабайдың малы үшін жалғыз қызын Қодар құлға саудалап сатқаны да – қылмыс.

Қатыбас Қарабай сияқты құл Қодардың сұлу қызды заң тыйымына қарамай алмақ қылмыстық ниет, мінезі де қазақ эпосының қазығы – криминалистика екен­дігін дәлелдейді.

Қаскөй батыр құл Қодар «Ар­қада қызы сұлу бай көшіпті» естіген қуып жүріп, әркімнен сұрап жүріп Шу бойында Қарабайды іздеп табады.

Қодар Баянның Қозы Көрпеш­тің атас­тырылған қалыңдығы екен­дігін біле тұра, «Сұлу қызды қайтсем де аламын» деген жаман ниетпен шал Қарабаймен заңсыз келісім қылады. Сол кездегі әлеу­меттік иерархиядағы өз орнын таппаған төменгі таптың өкілі құл Қодар бұл ниетімен Жарғының 34 тарауында көзделген құ­қыққа қарсы қылмыс жасады деп танудың жөні бар.

Адамзат қоғамындағы әлімсақтан әр­түрлі әлеуметтік топтарға бөлінуінің әсте үзілмес үрдісінің бір мысалын советтік репрессия құрбандарын ақтау тәжірибесінен де нақты көруге болады.

1917-1953 жылдардағы Мәс­кеу­дегі мерез мінезді, Сталинмен бірге репрессия жүргізген нақұрыс номенклатура ол өлгенде бірінші кезекте жедел түрде өздерінің түрмедегі жұбайларын азат етуден бастайды да, азап лагеріндегі сан мыңданған қалың бұқараның жағдайын таза естен шығарады.

Сол себептен атом астында қалған алыстағы Абыралының азаматы Ақ­торғай әкесі Азбанбайдың тағдырын ойлап алаңдауы орынды еді. (Үш томдық жинақ. «Реабилитация: как это было». М.2000).

Әлемдегі барша белгілі клас­си­калық көркем шығарманың көр­кі де, көрігі де – қиыннан қиыс­тырған танымдық тартыс, онсыз көркем сөздің еш қызығы жоқ.

Тартысты тудыратын іс – әр­кім­нің адам болып өмір сүру құ­қығының жер бетінде нақты жүзеге асуына арналған күресі. Адамның тағы табиғатына тән құқыққа қас, заңға жат қызғаныш пен құмарлығы әкелетін қатыгездікке наразылығы, заңды қарсылығы.

Талантты суретшінің тірегі: танымдық тартысқа толы тіршілік табиғатының трагедиясы – қылмыс пен құқық. Оған жығылмас дәлеліміз – «Абай жолы» роман-­эпопеясы.

Әуезов эпопеясы ауылына асыққан бала шәкірттің үлкен жолдастары оны жолбасар ұры-қарыға толы тұста жалғыз шабудан тежеуінен басталып, Құнанбай ауылында Тобықты үлкендерінің «Қодар сұмдығына» тергеу жүргізіп жатқанымен жалғасады.

Романдағы Қодар – батыр денелі, алпысқа жаңа кірген, бурыл қарт. Ұлы Құтжан қайтыс болған соң көшерге көлігі жоқ болып, оны елден сұрауды лайықты санамаған Қодар қыстауда келінімен қалып қойған.

Ел аузына кім қақпақ болады, қыс бойы қыстауынан ірге аударып жылжымай жатып алған Қодар мен келінін жұрт жаман атқа таға бастайды: «Жалғыз баласы өлген соң келіні Қамқамен жақын болыпты».

Өсек сөз Құтжанның нағашы жұрты Сыбанға жеткенде оның төресі «Шыңғыстау бөктеріндегі шашты сайтаныңды тыйсаңшы» деп Құнанбайдың бетінен алған соң ауылға оралған ел ағасы тергеу ісін бастайды.

Әуезов Қодар мен Қамқаны жазықсыз қылмыстық жазаға тартылып, қорлықпен өлген күнәсіз, кінәсіз бейбақтар деп бейнелеуді таңдаса, жазушыдан жасы да, жолы да үлкен Шәкәрім «Қодардың өлімінде» оларды ар сүймейтін, ел бұзатын ерсі, улы іс қылды деп адамдық құқықты қорғай сөйлеген.

Қазақ та адам баласы, сол себепті сот шешімі «ер адамға бөтен әйел түгіл өзінің анасы, қарындасы, қызымен оңаша қалуға болмайды» деген Ману заңының 213, 214, 215-баптарындағы ар қорғаушы құқықтық тыйымға негізделген-тін.

Осы оқиғаға байланысты Құ­нанбай мен Абайды қарама-қарсы қойып суреттеуі жазушыға өз шы­ғармасына қан жүгірту үшін таптық талаптан туған, амалсыз, қолдан жасалған қисынсыз, қиянат, бояма тартыс еді.

Кері заманды күл қыламыз, езілген елді бақытқа бөлейміз деп бөсіп, ел-жұртты қырып, жойып билік басына келіп алған бүлік большевиктер бірден билеуші, үс­тем тап екенін сездіріп, әркімнің өмір сүру құқығына қарсы репрессия жолына толық көшеді.

Жер жүзін жеке билеп алмақшы болып есірген тыйымсыз, тежеусіз өскен даңғой, бәңгі большевиктік номенклатура репрессияны «жеке басқа табынудан» туған, кездейсоқ іс деген желеу­мен барша жауапкершілікті өлі Сталинге артып, бәз баяғы жазасыздықтарына сеніп, өздерін ақ­тап алуға ұмтылды.

Олар үшін болмай қоймайтын ар сотынан құтылудың бір ғана амалы – мемлекеттегі биліктің иесі халықты баяғыдай қорқытып, үркітіп ұстап, билікті жеке иемденіп кетіп, бар байлықты талан-тараж қылып тыраштану еді.

Алайда, ескіру мерзімі өтуге жатпайтын, мәңгілік сұрауы бар қылмыс істеген надандардың Тәңірінің құрған тезіне түспей кетеміз деуі бекерлік еді.

Өйткені, Ахат пен Ақторғайдай мың­даған ұлдар әкелерінің адал аттарын қорғап шығуының артында негізі мықты құқықтық мінез тұр еді.

Алла Тағала адам баласын өсіп, өнсін деп жаратқан. Сол ғалами ғылым заңы әркімге өзінің адам болып өмір сүру құқығын қорғауға толық құқық берген.

Халықтың қажымас жалғыз досы құқықты қорғай білу әлімсақтан әр қазақ­тың міндеті бол­ғандықтан криминалистика қазақ классикасының қазығына айналуы заңды еді.

Марат АЗБАНБАЕВ.

Сообщение Қазақ классикасының қазығы – криминалистика появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

«Абай ісінің» сыры
Ісі білмес кісі білер. Абай отарлау кезеңіндегі қазақ ішінде шыққан осы сөздің мәнісін: «Ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің» деген сөз деп ұғындырады. Ғалым Абайдың анық сөзін ұға алмаған, ұнатпаған құрбыласы оған қастық қылмақты ойға алады.

Сурет bonart.kz

Жаны аяулы жақсыны жабылып жыға алмасын білген жетесіз жамандар жалған айтып, жан сатып, жалынып кісі жалдайды. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады деген жуандар Абайды жолсыз жазаға тартқызбақ мақсатында соғыс губернаторының өзіне қаржы құрығын тастайды.

Қазақ байларының өзінде жоқты малымен сатып алатын әдеті бойынша параға бөккен чиновниктерге арнайы тапсырыс беріп қас санаған адамының үстінен бас кетіп, айдаларлық уголовный іс көрсетіп, өтірік арыз түсіріп адал жанға зорлық қылатын.

Қазақ ішінде белең алған осы бір жаман әдеттің терең тамыр жайғанын Қ.Сәтбаев 1928 жылдың мамырында жұбайы Т.Кошкинаға жазған хатынан табамыз. Қ.Сәтбаев хатында өзінің жалғыз ағасы Ғазиздың істі болып, қамауға алынғанын хабарлай отырып, істің туындауының себебін де ашық көрсетіпті: «Бұл іс – дала түпкірінің өзгешелігі және оның жеке қастарының пара беруімен қолдан жасалған».

Сәтбаевтың хатындағы тапсырыспен қастық қылуға пара беріп үкімет кісісін жалдайтын іс қазақ даласында 1822 жылғы «Сібір қазақтарын басқару туралы» жарлығымен енгізілген колониялдық билік жүйесі тудырған қылмыс еді.

Метрополия басында округтер ашып билікке сұлтандарды тартқанмен, уақыт өте уездерді енгізіп, онда орыс чиновник­терін отырғызып, облыс-облысқа бөлгенде соғыс және азаматтық билікті соғыс губернаторларына тапсырып, бүкіл дала соғыс лагеріне айналды.

Ол туралы Абай «Жиырма бесінші» сөзінде айтады: «Балаларды оқытқанда жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап*, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек». Абай қолданған «Дарулхарап» – араб сөзі, мағынасы – «соғыс, қауіпті, бүлінген, соғыс майданы».

Абай ғұмырды өзгеден анығырақ сезе білді, сезгенін айта білді, ел жүрегіне жеткізе білді. Абай айтпаған сөз бар ма? «Халық билеген патшалар, уақыты келгенде құлайды, Дәл уақыты жеткенде талайдың гүлі қурайды» деп айтқан да Абай.

Абайдың осынау сөзі 1895 жылдың қарашасында ұлы Әбдірахманның өмірден өткенде оның жұбайы Мағышқа айтқан жұбатуында бар еді. Надан тыңдаушы Семейдің құлағына ақын жұбатуындағы сөздің өңін айналдырып сая­си теріс мән-мағына теліп, жалған айтып, ұлықсыған чиновниктерге Абайдан құтқар бізді деп жалынған.

Абайдың өздеріне «жоба көрмей, жүгенсіз кетпесін» деп қатты сөзбен қайырып қамалағанын қаламаған көңілі кедей құрбыласы оның түзу сөзін тегіс ұқпай үкіметке өсек тасып бақты.

Абайдың «Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік» деген шын сөзін саяси сын, үкіметке ашық қарсылық деп жеткізген.

Ұлық болып, елді жеп малданған, орыс ғылымын балаларына үйреткен жетесіз жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдуды қалап, Абай нұсқаған адал еңбек жолымен жүруге қадам баспайды.

Абай өмірден өткенде Шәкәрім жас­тарға «Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық» деп бекер айтпаған. Абай тап­қан жол – әркімге өз ісін жетік меңгеруге мүмкіндік беретін, қазаққа ел қатарына қосылуға қажетті, коррупциядан түпкілікті құтылатын, ұтымды, тыныш, көпке пайдалы, зарары жоқ, бейбіт жол еді.

Абай тапқан жол – әркімнің адамдық құқығының нақты іске асуын қорғайтын, адамға қызмет қылатын азаматтық қоғамның заңы еді.

Заң, законды бейнебір оларға ғана қас мүліктей тар танитын ұлықсыған орыстар Абайдың шынайы орны бар наразылыққа толы сөзінен қатты қорықты. Қазақ елінің бүкіл ресурсын заңсыз иемденіп кетіп, адамын қанап, жұртын қарумен басып, коррупциямен байыған үкіметке Абай нұсқаған жол ішкі төңкерістерден де, сырт­қы интервенциядан да қауіпті еді.

Өйткені, Абай ұстанған жол империядағы әрбір кәсіп иесінен, байдан, чиновниктен, төреден, соттан, патшадан адал қызметті талап ететін.

Сондықтан да жастарға үлгі бермек жақсыны адал еңбек қыла алмай жүрген жамандар бәрі жабылып елден кетіру, жер аудару жолын ойға алды.

Жақсы бір іргелі іс идеясын естігеннен-ақ есі шығып елірген, ерегіскен, елді жарған қаны бұзық коррупциялық топ ойға алған қасақана қылмыстарын жүзеге асырудың қапысын аңдып тұрды.

Аңдыған ұры-қары алмай қоймайды. 1898 жылдың 18 маусымында арсыз, арам айланы алдын ала ойластырған, ұйым­дасқан қылмыстық топ Мұқыр сайлауында Абайға тұтқиылдан тап беріп, соққыға жығады.

Абайдың қылмыскерлер жауапқа тартылсын деп берген талап-арызы бойынша жүргізілген тергеу ісін Семейдің соғыс губернаторы заңсыз қысқартып тастайды да, қылмыстық тапсырысты орындаушыларды заңды жазадан құтқарып алады.

Абайға құқыққа қарсы қаза келтірмекті қолға алған қылмыстық топтың әлеуметтік құрамы әртүрлі еді. Тапсырыс берушісі һәм ұйымдастырушысы қырдағы, ойдағы қазақ жуандары, оқығандары еді. Тікелей қылмыс әрекетін орындауға болыс, би, старшын, атқамінер, пысықтар тартылды. Аталған екі топтың өкілдері тергеуде Абайға жала жауып, сайлауда бас араздықтан төбелес ашқан өзі деп шыға келді. Бұл – алдын ала ойластырылып қойылған тәсіл-тін. Қылмыстық топтың басшылары тергеу кезінде өтірік, өсек, ғайбатты бекітетін куәлерді де дайындап қойған еді.

Бұл қолбала, қуыршақ куәлерді тергеу сахнасына алып шыққан – облыстық басқарманың басшысы вице-губернатор. Қылмыстық оқиға өткен жерде ояздың қол астындағы аудармашы мен екі стражник те жалған сөзді растайды.

Тергеуші де биліктің айтқанынан шық­пайды. Заңға сәйкес істің басы-қасында болған ояздан жауап алу тиіс еді. Алайда, тергеуші ояздан жауап алмақ түгілі, оны шақырмайды да. Тергеуші Абайды тонады деген айып тағылған бірнеше кісіге қатысты істі прокурорға тапсырады.

Прокурор іс жүргізу ережелерін өрес­кел бұзып, айыптау қорытындысын жасамай, істі облыстық басқармаға олардың пікірін білу және қорытынды жасау үшін жібереді. Облыстық басқарма одан да асыра сілтеп, болысқа қатысты істі 1899 жылдың 13 ақпанында қысқартып тастайды, вице-губернатор прокурорға: «қалғандарына қатысты шешімді өзің қа­былда» дейді. Прокурор басқарманың қаулысымен келіскенін көрсете отырып, айыптау қорытындысын жасамай, 1899 жылдың 24 сәуірінде сотқа істі қысқартуға жатады деп салмақты сотқа аудара салады.

Сот прокурор айтқандай 11 мамырда істі өз ұйғарымымен қысқартып тастайды. Істің қысқартылып тастағаны жайлы қағаз Абайға тек 1900 жылдың 4 қаңтарында қолына тиеді.

Семейдің облыстық сотының ұйғарымымен келіспеген Абайдың Санкт-Петербордағы Сенатқа жолдаған апелляциялық шағымы 1988 жылы архивтен табылып, ғылыми айналымға енгізілген.

Архив дерегіне сай Сенат 1900 жылдың 11 желтоқсанында Абайдың шағымы бойынша ұйғарымды бұзып, 1901 жылдың 3 қаңтарында істі облысқа қайтарады.

Тергеуші губернаторға тәуелді болғаны шындық, негізінде қылмыс Абайға қасақана қаза келтіру үшін жасалған-тын. Абайдың басындағы бөркі, қолындағы сағаты қажет емес-тін. Қылмыскерге Абайдың өмірі керек еді.

Соны сезген азамат Уәйіс Соқин Абайдың үстіне жата қалып, көк долының дойыры мен сойылына өз арқасын тоспаса, қылмыстық топ оны өлтіретін еді.

Сенаттан жеткен шешімді естіген жуандар кісімсінген соғыс губернаторына «бастаған істі аяқта, амалын тап, Абайды жер аудар» деп тапсырыс береді. Жанын жалдаған жандарал Абай бүлікшіл, бұзақы, саяси қауіпті адам деп танып қажетті құжаттарды дайындауға кіріседі.

Марат АЗБАНБАЕВ.

Сообщение «Абай ісінің» сыры появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Жармұхамед Төленұлының ісі
Жазушы Медеу Сәрсеке ғалым Е.Бөкетовтің інісі Қамзабайға жазған бір хатында өзінің «сәті түссе Жармұхамед Төленұлы туралы да жазуға ойланып жүргенін» мәлім еткен. Алайда, аталған азамат хақында қалам тербеуге сәті түспепті. Себебі де түсінікті. Тақырыпты қапысыз тану үшін уақыт керек. Ол уақыт Медеу ағада жоқ еді…

Ел-жұртқа белгілі Қ.Сәтбаев, Е.Бөкетов, Е.Бекмақановты жазғанда М.Сәрсекенің уақыты Жармұхамедке келгенде неге жетпей қалды деген сұрақ та орынды естілер. Мәселе нақты жазушыда емес. Поэзия заңы бойынша Жармұхамед Төленұлының бейнесін мінсіз мүсіндеп шығу үшін үш істі таза және толық игеру керек-тін. Үш істің есім-сойы: Үлкен Сәтбаев, Үлкен Жезқазған, Үлкен Террор. Біздің «Үлкен Сәтбаев» деп отырған кісіміз 1922 жылдың 1 желтоқсанында Семейде ашылған қазақ педагогикалық училищесінің директоры болып тағайындалған Әбікей Зейінұлы Сәтбаев. Үлкен Сәтбаевқа жаңа қызметте бірінші кезекте шешуге тиісті нендей күрделі мәселе күтіп тұрғаны белгілі болатын. Ол – ұстаздарды аяқ киіммен қамтамасыз ету. Азамат соғысы, ашаршылық азабын тартқан халық жалаң аяқ, жалаң бас күн кешіп жүрген кез.

1922 жылдың 22 қарашасында Семейдегі губерниялық оқу бөлімі коллегиясының күн тәртібіне «Ұстаздарды аяқ киіммен қамтамасыз ету» мәселесі қойылған болатын («Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» 73-қор, 1-тізім, 58-іс 18-бет). Коллегияда аяқ киім мәселесін шешу оқу бөлімінің жабдықтау бөліміне тапсырылса, енді училищеде ұстаздарға қыстан шығатын аяқ киім тауып беру ісіне директор жауапты, мұғалімсіз оқушы жоқ, шұғыл, тез арада жол табу керек. Кілең керекті ойланып, ойға кеткен кезде есіне семейлік «етікші жандарал» аталған Жақсылық түсе кетті. Алдау қоспай, адал еңбегін сатып күн көретін қолөнер шебері Жақсылық көмек беруден бас тартқан жоқ. «Тек бір шартым бар, адал еңбегімізді ақшаға сатпаймыз. Кенже інім Жар­­мұхамед кедейліктің кесірінен оқи алмай қалып еді. Училищеге ал, жиырма бірге келді, тым құрмаса, тыңдаушы болып жүріп сауатын ашсын!»

1923 жылға дейінгі сауатсыздығының себебін Жармұхамед 1943 жылғы Балқаштың мыс комбинатының цех бас­шылығына ұсынылған анкетасында ашық жазған (Қарағанды облыстық архиві. Қ. П-1, 4-тізбе, 146- іс, 167-174 бб. Ары қарай ҚОА.). Анкетада ол үлкен ағаларының 1900 жылдары көрші елге жұмыс іздеп кеткенін жазыпты. Жармұхамед ауылда кәрі әке-шешесімен қалады. Бірер жылдан соң әкесі Төлен мен шешесі Анифа Бөденқызы Оңтүстік Алтайдың Змеиногорск уезіне ұлдарының қасына көшіп келіп, біраз уақыттан соң қайтыс болады. Жалбыр тонды жетім Жармұхамед 1909-1912 жылдары Озерка селосындағы көптің табын малын, Дүйсембай Бегимбетов, Тоғайбаевтардың жеке меншік қойларын бағады. 1914 жылы Жармұхамед «Семей-Барнауыл» теміржолында ағалары Жақсылық, Игілік, Сүйіндікпен бірге қара жұмысқа жегіледі. 1915 жылы Батыс-Сібір кеме шаруашылығында кочегарлыққа жалданып, 1916-1918 жылдары Анжеро-Судженск қаласында №4 шахтада корытчик болады. 1918 жылы Семейге оралып «Земство», «Рабочая артель» ұжымдарында ағаларымен бірге етікшілікті кәсіп қылады. Етікшілікпен қатар, 1920-1922 жылдары Қарқаралы уезінде 2-3 айлап болыстық сайлауға өкіл болып тағайындалып та жүреді.

Директор Сәтбаевтың рұқсатымен училищеде үш жыл еркін тыңдаушы болған Жармұхамед 1925 жылы комсомол жолдамасымен Москваға оқуға аттанады. Жармұхамедтің жолдама алуға толық негізі бар еді. Шыққан тегі кедей табынан, қалалық кеңеске, комсомол комитетіне сайланған, жетім балалар үйінің директоры да болған. Партия қайда жұмсаса, сонда қызмет еткен. Бас пайдасын іздемеген, халықтың қажымас досы болу ниетімен іс қылған. Оның бұл ниетін біз Семей архивіндегі Жармұхамедтің губерниялық атқару комитетінің мандат комиссиясынан өзін халық шаруашылығына пайдалы болу үшін арнайы техникалық білім алуға Москваның Бауман атындағы жоғары техникалық училищесінің 2 жылдық жұмысшылар факультетіне жіберуді сұраған өтінішінен оқып білдік.

Жармұхамед Мәскеуге барып, жоғары білім алуға қолы жеткенде де түпкі мақсаты өз пайдасы болмағанын, өз басына қадір, ғиззат-құрмет, мал, мақтан іздемегенін 1928 жылы Бауманканың химия факультетінің екінші курсында оқып жүргенде кездейсоқ кіші Сәтбаевпен кездес­кен соң қабылдаған шешімінен көруге болады. «Кіші Сәтбаев» деп отырғанымыз – ғалым Қаныш Сәтбаев, азан шақырып қойған аты Ғабдулғани, қазақ халқы еркелетіп «Қаныш» деп атап кеткен. Жармұхамедпен 1918 жылдан таныс Қаныш оған мамандығын шұғыл өзгертуге кеңес береді.

Жармұхамед Қаныштың «Химия өндірісі бізде әзірше салынбайды, мына кә­сібіңмен дәп қазір туған еліңе пайда келтірмейсің, сенің игілігіңді басқалар көреді, ойлан» деген сөзін құп алып, 1929 жылы Москвадағы тау-кен академиясының түсті металдар факультетінің екінші курсына кен байыту инженерлігіне ауысады. Жармұхамед таңдаған факультеттің негізінде Үкімет 1930 жылы жаңадан түсті металдар және алтын институтын құрады. Бұл институтта Ж.Төленұлымен қатар атақты Камал Қадыржанов оқиды. 1931 жылы екі қазаққа Алматыдан жас Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев студент болып қосылады, үшеуі кейін 1936 жылы Балқашта кездеседі. 1932 жылы Ж.Төленұлы Жезқазғанға жолдама алып, Қарсақпайдың кен байыту фабрикасынан бірақ шығады. Міне, осы Қарсақпайда Жармұхамед Төленұлы 1933-1934 жылдары қазақтың Қанышымен бірге үлкен Жезқазғанның кен байлығын Москвадағы СССР академиясының 1934 жылғы қарашадағы сессиясында сәтті қорғап шығуға еңбек етеді. Москваның академиктері оның майдақол мінезін ұнатып, Тюленев деп айтылатын тегіне орай, Жан Тюленевич деп сыйлаған соң достары Қаныш пен Димаш та оны құрметтеп Жан деп атап кетеді.

Үлкен Жезқазғаннан кейін Жан Тө­ленұлы Мәскеуде 1935-1936 жылдары кен байыту инженерінің дипломын сәтімен қорғап шығып, 1936 жылдың жазында Балқаштың мыс қорыту комбинатының кен байыту фабрикасына келеді. 1936-1937 жылдары СССР-де жау іздеу, табу, әшкерелеу, соттау, ату науқаны қызу жүріп жатқанда Москва билігі Үлкен Сәтбаевты Бішкекте ұстап, тергеусіз, сотсыз атып тастайды. Балқашта да репрессия қыза бастаған. Кремль комбинаттың директоры В.Ивановты 1937 жылдың шілдесінде ұстайды. Бас қалалардан Қарағанды да қалыспайды. 1937 жылдың қарашасында А.Асылбеков, Н.Нұрсеитов, М.Гатаулиндердің сот процестерін ашады. Обкомның «жасырынып қалған жау бар, әшкерелеңдер» деген шұғыл тапсырысы Балқашқа жетісімен 1937 жылдың 3 желтоқсанында инженер Ж.Төленұлы «контрреволюция­лық, ұлтшыл, фашистік бандының мүшесі, халық жауы» деп қамауға алынады да, 1938 жылдың қазанында 25 жылды арқалап, Магадандағы ГУЛАГ-тың Колыма лагеріне кете барады (ҚОА.Қ. П-1. 1-т., 23-іс, 180-181 бб.).

1940 жылдың 4 ақпанында Ж.Төлен­ұлының шағымымен айыптау үкімінің күші бұзылып, іс қайта тергеуге жібе­ріледі. Қайта тергеуде «кінәсі дәлелденбеген» деген негізде іс қысқартылып, Жармұхамед 1940 жылдың күзінде Балқашқа оралады. Қиянатшыл билік Колымадан қайтқан мүгедек, жаралы жанды 18 жыл бойы заводтың зиянды жұмысына жегіп қояды. Одан тек Кіші Сәтбаев ғылым академиясының президенттігіне оралғанда құтылады. Қаныштың пәрменімен 1958 жылдың желтоқсанында Жан Төленұлы Қарағандыда құрылып жатқан химия­металлургия институтына қызметке тағайындалады (ҚОА. Қ-359, 1-т, іс- 1.). Қазақ ғылымына шынайы қызмет еткен Жармұхамед 1960 жылы Академия президентіне Алматыдан денсаулығына байланысты Қарағандыға жұмыс іздеп келген Е.Бөкетовті институттың директорлығына ұсынады. Президент Қ.Сәтбаев досы Ж.Төленұлының адалдығын, ел пайдасын, ғылым ісін ойлайтындығын жақсы білгендіктен оның ұсынысымен келіседі. Қазақ халқының қажымас досы бола білген Жармұхамед Төленұлының үлгілі ісі де – Үлкен Қарағандының тарихы.

Марат АЗБАНБАЕВ.

Сообщение Жармұхамед Төленұлының ісі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.