Архивы әлсірейді - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Адамдар көктемде неліктен әлсірейді?
Халқымыз көктем мезгілін «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы» дейді. Мұның астарында жер бетін жандандырып, жасандырып жеткен көктем адамзаттың ағзасына әлсіздік сездіретінін жеткізетін мән жатыр. Расында, көктем мезгілі басталысымен-ақ, ағзамыздағы әлсіздікті сезінеміз. Бірімізді ұйқы қысып, шаршағыштыққа бой алдырсақ, енді біріміздің жиі-жиі басымыз айналып, көзіміз қарауытады немесе бас ауырып, тұмауратамыз. Көңілде де алабұртқан сезімдер пайда болады. Көктемде көбіміздің осындай әлсіздікке душар болуымыздың себебі не? Қалай тамақтанған жөн?

Адам ағзасы сырттан келетін кері әсерлерге, ауруларға бойындағы дәрумендер жиынтығымен күшейген иммунитеті арқылы қарсы тұра алады. Адамдар қыстың қысқа күнінде аз қимылдайды да көктемде қимыл-қозғалыс көбейеді. Және ауа райының өзгерісі де денсаулыққа әсер етеді. Дәрумен қоры аз ағза осындай шақта әлсіздікке ұшырайды. Соның салдарынан сәл суыққа тез тұмауратып қалады. Тіпті, дәруменнің жетіспеушілігінен пайда болған денедегі әлсіздік созылмалы аурудың өршуіне де сеп болады.

Дәрумен жетіспеушілігі, әсіресе көктемде қатты байқалады. Қыстың қысқа күніндегі аз қимылға үйренген ағза күн ұзарған көктемдегі жылымық ауаның өзгерісіне бірден бойұсына алмай, әлсірейтін көрінеді. Егер осындай қара өзек шақта ағзадағы дәрумендер қорын толықтырып отырмаса, эндокринді жүйенің жұмысы нашарлап, созылмалы аурулардың өршу қаупі артады екен. Көптеген адамдарда иммундық жүйенің әлсіреуінен қан қысымы көтеріліп, бас ауырады. Бұл кездегі әлсіздікке көбіне орта жастан асқан кісілер тез шалдығады екен.

Ас қорыту жүйесі бұзылып, гастрит, панкреатит, холецистит, пиелонефрит сияқты аурулар асқынса да қан аздық пайда болады. Соның салдарынан ағза дәрумен тапшылығын сезініп, зардап шегеді. Дәрумен жетіспеушілігін бас айналып, көз қарауытып, бойды ұйқышылдықтың басуынан байқауға болады. Егер сізде осындай белгілер байқалса, ағзаңызда дәрумендер жетіспеушілігі деп біліңіз. Тез шаршап, жүйке жұқарып, ашушаңдық та осындай иммундық жүйенің әлсіздігінен болады. Сонымен қатар, шаш жиі түсіп, көздің көру мүмкіндігі нашарлайды. Тырнақтың реңкі өзгеріп, сызықтар мен дақтар пайда болады. Дененің терісі құрғап, тіпті қабыршақтанып кетуі де мүмкін. Мұндай шақта созылмалы ауруға шалдыққандардың ескі сырқаты қайта қозса, кей кісілер жаңадан ауру жұқтыруы да мүмкін. Ер адамдарға қарағанда дәрумендер жетіспеушілігіне көбіне әйелдер жиі душар болатын көрінеді.

Ал, дәрігерлер адам ағзасы дәрумендерді өте қажет ететін көктем мезгілінде сары май, жұмыртқа, балық, ет, сүт, ірімшікпен күнделікті тамақтанып тұру керегін ескертеді. Әсіресе, күнделікті ас мәзірінен көкөністердің түспегені жөн.

Сообщение Адамдар көктемде неліктен әлсірейді? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.