Архивы Өліара - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Жас театрдың ерекше қойылымы
Астаналық «JAN» иммерсивті театры облыстық С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрында өнер көрсетті. Көрерменді естен кетпес әсерге бөлеп, сұранысына ие болып жүрген театр жазушы Бейбіт Сарыбайдың «Өліара» лирикалық комедиясымен кеншілер шаһарына табан тіреді. Қарағандыда алғаш сахналаған туындының режиссері – Руслан Алишев.

Сурет ұйымдастырушылардан

Театр саңлақтары қарағандылық көрер­менге ерекше әсер сыйлауға бар күш-жігерін салды. Театрды өнер төресі санаған қарағандылықтар «Jan» театрын құшақ жая қарсы алды. Көрерменнің толассыз қошеметінен-ақ ыстық ықыласын байқадық. Десе де, қойылымды әуелде тосырқағанымыз рас. Бірден қабылдай алмадық. Бірақ, ортасына қарай барлығы нақтылана түсті.

– Иммерсивті театр – көрерменді дамып жатқан әрекетке «батыруға» тырысатын заманауи интерактивті театрдың танымал формаларының бірі. «Jan» театрының негізін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Ақыш Омар мен Жанқалдыбек Төленбаев қалаған. Театр майталмандарының шәкірттері ұстанған «иммерсив» жанрын елімізде алғаш рет «Jan» театры пайдаланғанын атап өту керек. Иммерсивті театрдың дәстүрлі театрдан басты ерекшелігі – ол сахнадан бөлек, көрерменді спектакльдегі актердің ойынына тікелей батырып, өзге әлемге жетелейді. Болашақта бұл театрымыз әр көрер­меннің жүрегінен орын алады деген ойдамыз! – дейді режиссер Руслан Алишев.

Бұл қойылымда Алмат есімді жігіттің үлкен өмірге қадам басуы үшін жасаған ерліктері мен тағдыры бейнеленеді. Спектакльде кейіпкерлердің сөздері мазмұнды болған соң көрерменді бейжай қалдырмады. Алматтың ауылына оралып, ғашығы «Айдана ұзатылады» деген хабарды естіген сәті, оның сол сәттегі көңіл күйі көрерменге ерекше тебіреніс сыйлады.

Сонымен қатар, әртістердің айтқан әні мен костюмнің де қойылымға сәтті таңдалғанын айта кеткен жөн. Әндері қазіргі заман талабына сай әрі оны актерлер керемет нақышына келтіріп орындады. Ән мен образдары үйлесімін тапқаны байқалып тұрды.

– «Өліара» қойылымының астары мол екен. Одан арман қуған түлектердің үлкен өмірге аяқ басып, арман қуып, өз мақсаттарын орындауға жалындап тұрған жастарды көреміз. Қойылымнан алған әсерім керемет. Күлдік те, биледік те, қайғырып алған сәттеріміз де болды. Актерлер өз рөлін ойдағыдай алып шықты деп ойлаймын, – деп атап өтті көрермен Диана Тілеміс.

Қойылым соңында көрермен қауым ыстық ықыласын толассыз қошеметпен білдірді.

Әлішер СҮЛЕЙМЕНОВ,

Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті филология факультетінің ІІ курс студенті.

Сообщение Жас театрдың ерекше қойылымы появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.