Архивы көрегендік - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Кәсіпкерге көрегендік керек
Бүгінде кез келген адам кәсіппен айналысқысы келеді. Дұрыс­-ақ. Эко номикалық тұрғыдан өзгеге тәуелді болмау үшін отандық өнімді көбейтіп, әл-­ауқатымызды арттыру ауадай қажет. Алайда, кез келген кәсіпкер өзіне «кәсібім болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па?» деп сауал қойып, алдын болжай білуі керек.Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылы бойында «Таир» сауда қаласының дәл қасында «Оптика әлемі» деген бірнеше қабат тан тұратын алып ғимарат бой көтерді. Маңынан әрі­бері өткенде «көзәйнек саудалауға осындай алып ғимараттың қажеті қанша, бұл дегенің бос шығын емес пе, көз әйнектің құны осы ғимарат құрылысына кеткен қаржыны ақтай ма?» деп ойлайтынмын.

Енді ұмыта бастасам, қасынан өткенде қайта есіме түседі. Ақыры, бұл ғимараттың иесінің көрегендігі, яғни, кәсібінің болашағын болжай білу қасиеті бар деген тоқтамға келдім.

Ал, енді тарқатайық. Біріншіден Қарағандыда мұндай алып «Оптика орталығы» жоқ. Бұл – Қарағандыда көзәйнек сатып алатын орындар жоқ деген сөз емес. Тек қазір уақыт жылдам. Адамдар заманға лайық әр қызметтің жаңасына құмар. Мысалы, бүгін бір жаңа ұялы телефон алсаңыз, шамалы уақыттан кейін жаңа маркасы шығып, сіздікі түкке тұрмай қалады…

Екіншіден «Оптикалық орталыққа» осыншама қаржы салуға да тәуекел керек. Тәуекел үшін сенім керек. Яғни, кәсіптің болшағына деген сенім. Бұл тұрғыдан да қателеспеген сияқты. Өйткені, қазір техника заманы. Жеті жасар баладан бастап, жетпіс жасар қарияға дейін телефон, планшет ұстайды. Кез келген мекемеде жұмыс компьютерсіз жүрмейді. Яғни, күніне 8­-10 сағат уақытымыз монитор алдында өтеді. Демек, көзәйнекке сұраныс артып келеді. Болашақта да арта түспесе, төмендемесі анық.

Бұл жазбамыз арқылы осы орталықты жарнамалау ниетіміз мүлдем жоқ. Біздің айтпағымыз, ешқандай жоспарсыз, мақсатсыз, алдын ала болжап, жан­-жағын байқамай кәсіп ашып, несиеге белшесінен батып жарға құлап жатқан замандастарымызды көріп жүрміз. Ниетіміз – сол бауырларымызға шамалы болса да ой салу ғана.

Қазір алыпсатарлар өздерін кәсіпкерміз деп ойлап жүр. Кәсіпкерлік деген ең құрығанда кішігірім болса да бірдеңе өндіріп немесе жасап шығарып, отандық өнімдердің санын шамалы болса да арттырып, ұлттық экономикаға үлес қосу болса керек-­ті.

Кеше ғаламтордан оқып қалдым. «Қазақ «бай» деп текті әулеттен шыққан, байлығын бұлдап тәкәп парлық жасамайтын, жағдайы жоқ тарға үнемі қолұшын беріп, қайырымдылық жасап жүретін адамды айтады» делінген онда.

Сонда кәсіппен айналысу, бай болу да кез келгеннің қолынан келе бермейді екен. Сондықтан да, ең бірінші жанымызға жақын, қолымыздан келетін дүниені тауып, оның алды­-артын жоспарлап барып кәсіпке кіріссек екен. Әйтпесе, судың да сұрауы бар екенін білеміз ғой. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» демекші, қай істе де асықпай шешім қабылдаған жөн.

Жәлел ШАЛҚАР,

«Ortalyq Qazaqstan» газетінің тілшісі.

Сообщение Кәсіпкерге көрегендік керек появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.