Архивы бейне конференция - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Ақпарат саласында ауқымды жұмыс
Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ халыққа есеп беру кездесуін өткізді. Аталған шараны аймақ азаматтары облыс әкімдігінде бейне конференция байланысы арқылы көрді.

Елордада өткен келелі кездесуге қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қауымдастықтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

– Биылғы 6 мамырда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылғанынан 2 жыл толды. Мемлекет басшысы бізге бұқаралық ақпарат құралдары, коммуникация мен мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамыту бойынша нақты мақсаттар қойды. Қазіргі таңда ол жұмыстардың барлығы жүйелі орындалып жатыр. Өткен жылы да біз осындай форматтағы халықпен кездесуді ұйымдастырған болатынбыз. Менің ойымша, мұндай шаралар халық пен мемлекеттік органдар арасындағы жақсы сұхбат алаңына айналады. Ендігі кезекте, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2017 жылы атқарған жұмыстар мен алдағы жоспарларына тоқталуға рұқсат етіңіздер, – деді Дәурен Абаев.

Сөйтіп, кездесу бұдан әрмен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің баяндамасына ұласты. Оның айтуынша, өткен жылы аталған министрлік ақпарат саласы бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Мәселен, мемлекеттік сектордың ақпараттық жұмыс сапасына үлкен көңіл бөлінді. Яғни, ондаған тараулардың орнына бірыңғай республикалық медиа- жоспар қабылданды. Осылайша, атқарылып жатқан мемлекеттік реформалар туралы халыққа жалпыға тиімді ақпарат таратуға жол ашылды.

Мысал үшін, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс заң бойынша мемлекеттік сатып алудан алынып тасталды. Сонымен қатар, өткен жылы отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін артыру бойынша да көп жұмыс жүргізілді. Тек қана отандық көркем және деректі фильмдер көрсететін «Еларна» кино арнасы ашылды.

2017 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 40 сериал түсірілді. Тіпті, түсірілген туындылар саны 2016 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2 есеге артты. Көрермен назарын аударған отандық туындыларымызды өз елдерінде көрсету құқығын Қырғызстан, Ресей және Қытай мемлекеттері сатып алды. Қазақстандық барлық телеарналарды онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін «Ғалам ТВ» жобасы жаңартылды. Биыл аймақтардағы аналогтық хабар тарату кезең-кезеңімен тоқтатыла бастайды.

2018 жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары толық цифрлық телерадио хабар таратуға көшеді. Еліміздің өзге де аймақтары цифрлық хабар таратуға 2020 жылдың соңына дейін ауысады. Сонымен қатар, «Отау ТВ» отандық спутниктік операторын дамыту мақсатында жаңа «Отау +» ақылы пакетін іске қосу жоспарлануда. Оның құрамында шетелдік түрлі жанрдағы 14 телеарна болады. Ал, «Отау +» тамашалағысы келген абонент айына 500 теңге төлейді.

Бұдан бөлек, Дәурен Абаев телекоммуникация, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметті дамыту салалары бойынша да мазмұнды мәлімет беріп, кездесу соңында қатысушылар сұрағына жауап берді.

Рауан Қабидолдин

«Орталық Қазақстан»

Сообщение Ақпарат саласында ауқымды жұмыс появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.