Архивы қарағандықаласыныңтуғанкүні - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Қазыналы Қарағанды
Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

1934 жылы Қарағанды қала мәртебесіне ие болды.

1935 жылы қала халқының саны 135 мыңға жетті.

1935 жылы жалпы көлемі 10906 шаршы метр кірпіш және тас үйлер салынды.

1935 жылы Қарағанды шахталарына электр жүйесі қосылды.

1935 жылы алғашқы кірпіш, әктас зауыттары іске қосылды.

1936 жылы шілдеде Бүкілодақтық Атқару комитеті президиумның қаулысымен Қарағанды қаласы облыс орталығы мәртебесін алды.

1936 жылдан бастап Қарағанды қаласы ұн тарту комбинаты жұмыс істеді.

1937 жылы Қарағанды цемент зауыты іске қосылды.

1938 жылы қалада Киров, Ленин және Сталин аудандары құрылды.

1939 жылы Қарағандыда «Караганда шахтострой» тресі, қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесі, облыстық комплексті ауыл шаруашылық станциясы ұйымдастырылды.

1940 жылғы қаңтарда Қарағанды көмірі тиелген бірінші эшелон Ақмола-Қарталы теміржолы арқылы Магнитогорсккен-металлургия комбинатына жөнелтілді.

1940 жылы Қарағандыда 6 млн. 300 мың тонна көмір өндірілді.

1940 жылы қаланың 30 мектебінде 19 200 бала оқыды.

1940 жылы тамызда ботаникалық бақ ашылды.

1941 жылы Ворошиловградтан эвакуацияланған Пархоменко атындағы машина жасау зауыты іске қосылды.

1942 жылы ақпанда Батыстан көшірілген Артемовск аяқ киім фабрикасының базасында Қарағанды аяқ киім фабрикасы құрылды.

1943 жылы мамырда Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық кітапханасы ашылды.

1943 жылы тамызда қалада ақындардың республикалық айтысы ұйымдастырылды.

1946 жылы қалада орталық мәдениет және демалыс паркі ашылды.

1948 жылы облыстық музыкалық мектеп ашылды.

1949 жылғы 2 шілдеде Қарағанды геологиялық басқармасы құрылды.

1949 жылы Қарағанды медицина институты ашылды.

1951 жылғы қарашада Кеншілердің мәдениет сарайы ашылды.

1955 жылы теміржол вокзалы салынды.

1958 жылы Қарағанды телевизия студиясы құрылды.

1958 жылы Шахтер орталық стадионы ашылды.

1966 жылғы 9 маусымда Қарағанды кооператив институты (қазіргі Қарағанды экономикалық университеті) құрылды.

1967 жылы қалада тұңғыш троллейбустар жүрді.

1969 жылғы 14 мамырда Қарағанды қаласының Совет ауданы құрылды.

1970 жылғы 27 тамызда Педагогикалық институттың дене тәрбиесі факультеті негізінде Қарағанды мемлекеттік дене тәрбиесі педагогика институты құрылды (1997 жылы таратылды).

1972 жылғы 25 ақпанда педагогикалық институттың базасында Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды, оған 1995 жылы Е.Бөкетов есімі берілді.

1972 жылы КСРО ІІМ жоғары мектебі ашылды.

1972 жылы «Октябрь» (қазіргі «Ақжолтай») спорт сарайы ашылды.

1973 жылы қазанда Қарағанды музыкалық комедия театры ашылды.

1975 жылы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер қарағандылықтар мемориалы ашылды.

1979 жылы Баспасөз үйі пайдалануға берілді.

1986 жылы «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы орыс тілінде жарық көрді.

1988 жылы бейнелеу өнері музейі ашылды.

1989 жылы қала мен облыс тұрғындары ұзақ үзілістен кейін алғаш рет Наурыз мерекесін тойлады.

1990 жылы «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы қазақ тілінде жарық көрді.

1995 жылы сәуірде Фитохимия институты құрылды.

1999 жылғы 29 тамызда Қарағанды көмірін алғаш тапқан Аппақ Байжановқа ескерткіш қойылды.

Дайындаған:

Рысбала СМАҒҰЛОВА,

ардагер ұстаз

Сообщение Қазыналы Қарағанды появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қазақстан өндірісінің қара нары
Биыл Қарағанды торқалы 90 жылдық мерейтойына табан тіреді. Бұл – кезекті дата ғана емес, тарихы терең таңғажайып шаһардың тарихы, мәдениеті мен дамуының байлығын бейнелейтін көл-көсір қуаныш. Өткен уақыт бедері Қарағандыны Қазақстанның стратегиялық орталығына айналдырды. Сондықтан, бұл мерейлі күн Қарағандының ғана емес тұтас Қазақстанның тұғырлы тарихы деп бағамдасақ, сірә да жарасатындай!

Коллаж М.Әйнекова

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында бай көмір алабы мен кен орындарының осы тұстан ашылуы жер тағдырын түбегейлі, адам танығысыз етіп өзгертті. Шахталар, зауыттар салу әрі көмір өнеркәсібін қарышты дамыту үшін инфрақұрылым құру Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен жұмысшыларды бес саусақтай жұмылдырды.

Сонау 1934 жылдың 10 ақпаны күні жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс туралы Қаулыға сәйкес, Қарағандыға ресми түрде қала мәртебесі берілді. Егер мұрағатта сақталған құжаттарға сүйенетін болсақ, Қарағандыда қалалық кеңес 1931 жылы 21 желтоқсанда құрылғанын білеміз. Сонымен қатар, қалалық кеңестің құрылысы шаһар тыныс-тіршілігінен бұрынырақ басталып кеткенін де аңдатады. Ол кезде қала халқы 100 мыңнан асып жығылған. Қарағанды көмір бассейні жарты әлемге бүкілодақтық құрылыс деп жарияланды. Бәзбіреулер Қарағанды атауын «Қара қанды» атты көмір түрімен шендестірсе, кеңірек таралған тағы бір нұсқасы Қарағанды саймен байланыстырылды. Не десек те, қазақы нақышпен ныспыланған бұл атау кейінше республиканың ғана емес, одақтың атын дүние жүзіне мәшһүр етті. «Где-где? В Караганде!» деген ресей тіліндегі мәтел күні бүгінге дейін көп жайдан ақпар беретіндей. Ал, 1940 жылы Қарағанды 165 мың халқы бар ірі өнеркәсіптік және мәдени орталыққа айналды. Мұндағы көмір бассейні кеңестік державаның үшінші көмір кеніші болып қалыптасты. Соғыстан кейінгі жылдар мен елуінші жылдардың аралығында Қарағанды билігі қаланың құрылысы мен сәулетін жандандыруға уақыт пен қаражат тапты. 1958 жылдың өзінде қалада 24 аурухана, 5 перзентхана, 11 емхана, 82 күндізгі және 30 кешкі мектеп, 4 жоғары оқу орны және көмір профиліндегі 7 ғылыми-зерттеу мекемесі жұмыс істеді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Әлеуметтік мәртебемен бір мезгілде қаланың өнеркәсіптік әлеуеті де артты. Сексенінші жылдары «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің құрамында 66 кәсіпорын жұмыс істеді. Оның құрамында 26 шахта, екі қуатты разрез, 8 байыту фабрикасы болды. Онда 80 мыңнан астам адам жұмыс істеді. 1978 жылы Қарағанды көмірінің миллиардтаған тоннасы өндірілді. «Қарағандыкөмір» «Октябрь Революциясы» орденімен марапатталды. 22 кенші «Социалистік Еңбек Ері» атағына ие болды. Сол жылдары Қарағанды өсіп, гүлденді, дамыды. Қалада тұрғын үй құрылысы қарқын алды. 1970-1980 жылдары 2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Мұнымен бірге, жаңа мектеп, аурухана, балабақшалар салынды. Дәп сол кезде жаңа Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының құрылысы бастау алды.

Қарағандының қаз-қаз басқан алғашқы қадамдарынан бүгінге дейін саналы адам таңырқайтын таңғажайып белестерді бағындырумен болды. Әуел баста қос қолымен қайла көтерген алақандай кеншілер ауылынан заманауи қалыптағы жарты миллионнан астам тұрғыны бар мегаполиске айналды. Қарағанды экономикалық, ғылыми және мәдени әлеуеті бойынша мемлекет аумағында жетекші орындарды иеленді. Әрбір үшінші тұрғыны кенші иә болмаса, металлург болып еселі еңбек ететін қала ел аузында кеншілер астанасы деп тегін аталмаса керек. Қарағандының қарамағында қапталдасып жатқан жиырмадан астам қалашық пен кент еліміздегі жалғыз спутник-қала.

Бүгінде қала барынша көркейіп, қарышты қадамдармен дамып келеді. Жаңа құрылыстар мен одан да ерекше нысандар бой көтеруде.

Қарағанды белгілі бір тұрақты өткізу нарықтары бар ірі сауда орталығына айналды.

Қаһарманның қажырын қайраған қала, ақынның жүрегін тербеткен жыр болып төгілді. Қазақтың қасиетті кенішті шаһарының торқалы 90 жылдық тойы жай ғана бір мерейтойлық сәттің ұштасуы ғана емес. Тарлан тарихын таразылар тағылым. Болашаққа бағдар қыларлық мәуелі меже. Бұл қала – тірі тарих. Бұл қала – мәдениет мәйегі. Бұл қала – қарақан жұртымыздың қара нары! Қасиетті де қазынасы ортаймас қамбамыз. Келер күн байрағы күнмен шағылысып желбіреген өркенді елге тек шаттық пен баянды бақыт сыйлайтынына сенім кәміл!

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,

Ortalyq.kz

Сообщение Қазақстан өндірісінің қара нары появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Мерейтойың құтты болсын, сүйікті Қарағанды!
Біз қаламыздың тарихындағы айтулы дата – 90 жылдық мерей­тойды атап өтудеміз. Бұл – Қарағанды қаласында ​​студенттік өмірі мен жас дәурені өткен, мамандығының алғашқы қадамдарын осында бастаған, осы қалада отбасын құрған адамдар үшін айтулы дата. Осы жылдар ішінде біздің сүйікті қаламыз түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерінің сүйікті мекеніне айналды. Соның арқасында біздің бірегей қарағандылық менталитет қалыптасты.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Біз жерлестерімізді әрқашан күлкісінен, көзқарасынан, пайымдауларынан танимыз. Қай жерде болсақ та, Қарағанды ​​біз үшін жер бетіндегі ең жақсы қала болып қала береді. Қарағанды ​​көмір астанасының символынан басқа, ІТ-индустриясының ірі орталықтарының біріне, логис­тикалық хабқа және бизнес белсенді дамып жатқан қалаға айналды.

Қаламыздың одан әрі дамуына үлес қосып жүрген барша жандарға алғысымды білдіремін! Қарағанды бұдан да биік жетістіктерге жетіп, қаламыз көркейе берсін.

Барлық қарағандылықтарға амандық пен бақ-береке тілеймін!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен КОБЖАНОВ,

облыстық мәслихаттың төрағасы.

Сообщение Мерейтойың құтты болсын, сүйікті Қарағанды! появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

«Қарағандыны бірге тұрғызамыз!»
90 жылдық тарихы бар Қарағандыда көмір – бүгінге дейін қаланың өнеркәсіптік маркасы. Соған қарамастан, шикізат бағытынан ұқсату кәсіпорындарына бет бұрған қала өнеркәсіптік көрсеткіштер бойынша бүгінде республикада жетекші орын алады. Өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту мақсатында отандық инвесторлармен қатар, шетелдік инвесторларға да басымдық берілетінін айту керек. Мәселен, өткен жылы 147 млрд. теңгеге 11 жаңа өндіріс іске қосылса, оның үшеуі – шетелдіктердің қатысуымен. Нәтижесінде қала экономикасы жанданып, шағын және орта бизнес нығайып келеді. Қала көшелерін абаттандыруда да үлкен жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары Қарағанды жаңа нысандармен көркейіп, құрылыс бойынша республикада бесінші орынға шықты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

1934 жылғы 10 ақпанда «Қарағанды көмір бассейнін пайдалану жөніндегі мемлекеттік трест құрылысының аумағында пайда болған елді мекен» Қарағанды қаласы болып қайта құрылғанда Ескі қала, Майқұдық, Тихоновка, Жаңа Тихоновка, Компанейск, Михайловка, Федоровка, Узенка сияқты шашыраңқы орналасқан жұмысшы ауылдардан ғана тұрғанын көрсетеді тарих. Ал, үлкен құрылыс КСРО Халық комиссарлар кеңесінің 1936 жылғы 3 тамыздағы қаулысымен Қарағанды облыс орталығына айналғанда басталды. Қаланың Мәскеу­дегі «Мособлпроект» институтының жобалаушылары – сәулетшілер А.Кузнецов, А.Карнаухов, О.Кепне және П.Шумский әзірлеген бас жоспары 1938 жылы бекіді. Ал, 1939 жылы Қарағандыдағы Жаңа қаланың жоспары қарастырылып, бекітілген болатын.

Сол кезде, қойнауы көмірге толы Қарағандының бас жоспарында кемшіліктер болды. Атап айт­қанда, Жаңа қаланың құрылысы үшін таңдалған ауданда кемі 500 метр тереңдікте көмір қоры болды.

Сәулетшілер қағаз бетінде қала жоспарын сызып жатқанда, Қарағанды құрылысы Бұқпа өзенінің солтүстік-шығыс жағалауында қарқынды жүріп жатты. Небары 5-6 жыл ішінде кең көшелері, жасыл алаңдары, көпқабатты үйлері, мектептері, қонақ үйлері, дүкендері, ауруханалары, моншалары, әкімшілік ғимараттары бар жаңа қала бой көтерді. Жол төсеу, тротуар салу, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, кәріз, су құбыры және басқа да қаланы абаттандыру шараларына көп көңіл бөлінді. Сол кездегі қалақұраушы негізгі кәсіпорын – «Қарағандыкөмір» тресі.

Партияның «Қарағандыны бүкіл Қазақстанмен, бүкіл Кеңес Одағымен бірге тұрғызамыз!» деген ұранына орай Мәскеуден, Ленинградтан, Донбасстан және басқа да өңірлерден Қарағандыға жоғары білікті инженерлер мен жұмысшы кадрлар, ғалымдар, педагогтар, медицина және мәдени қызметкерлер ағылды.

1934 жылдың басында Қарағандыда 100 мыңнан астам адам тұрады. Жаңа қаланың қарқын алған құрылысына қажетті кірпішпен Федоровкадағы кірпіш зауыты қамтамасыз етті. Сол кезде жылына 20 миллион кірпіш шығарған зауыт 2005 жылдың сәуіріне дейін жұмыс істегенін айту керек.

Осы жылы 41 көппәтерлі тұрғын үйдің жедел құрылысы басталды. Құрылысшылар 8 сағаттық жұмыс күнінде жоспардағы 10 620 кірпіш орнына 25300 кірпіш қалап, керемет көрсеткішке жетті.

Ал, 1934 жылғы 7 қарашада «Союзстроитель» 42 тұрғын үй мен тәулігіне 15 мың адамды түскі аспен қамтамасыз ететін зауыт-асхананы пайдалануға берді.

Осылайша жылдар бойы өркен жайған Қарағанды бүгінде жарты миллионнан астам халық тұратын әсем қалаға айналған.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Сообщение «Қарағандыны бірге  тұрғызамыз!» появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Шаһар шежіресіне шолу
10 ақпанда Қарағанды шаһарына қала мәртебесі берілгеніне – 90 жыл толады. Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының оқу залында атаулы күнге орай «Қадірлі, қасиетті – Қарағандым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сурет ұйымдастырушылардікі

Қазақстанның дәл орталық аумағында, Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан өндірісті қала Қарағандының шежірелі тарихы да ғасырлық белесіне жақындап келеді. 1934 жылы 10 ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Алқасының қаулысымен Қарағанды кенті қала мәртебесіне ие болды. Қарағанды – ежелден тоғыз жолдың торабындағы, Қазақстан мен төрт тараптағы елдердің өзара мәдени, экономикалық байланыстарын жүзеге асырушы орталық нүктесі ретінде сан түрлі тарихтың куәсі Арқа төсіндегі киелі өлке.

Аталған көрмеге Қарағанды өңірінде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан халық дарындыларының өмірі мен өнері туралы «Сарыарқа саңлақтары» кітабын, «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясын, ардагер журналист Аман Жанғожиннің «Қазыналы қарашаңырақ», белгілі фотожурналист Валерий Петуховтың «Қарағанды» фото-альбомы және басқа да әдебиеттер қойылды.

Кітапхана оқырмандары бұл көрмеден облыс тарихына байланысты көптеген тың деректер һәм тарихи оқиғалар шежіресімен таныса алады.

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Сообщение Шаһар шежіресіне шолу появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.