Архивы алғашқы ақын - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Адамзаттың Алғашқы Ақыны (Эссе-трактат*)
Қаламдасым Мейірхан АҚДӘУЛЕТКЕ.

Неге арнағанымды ол ішінен біледі.

Автор.

АЛҒАШҚЫ АҚЫН

Қазір анау-мынау емес, ғарыш пен компьютердің заманы ғой. Жаһанда ашылмай жатқан құпия қалмай барады. Ғылыми-техникалық дамудың шырқау шыңына жеткен біздің заманның ғұлама ғалымдары Адамзаттың Алғашқы Ақынының қайдан шыққанын тауып, жаһанға жария ғып отыр. Адамзаттың алғашқы Ақыны ертеде – ешкі жүні бөртеде, қауымдық қоғамда емес, бізге одан гөрі жақындау, құл иеленуші қоғамда пайда бопты… О да Гомер шыққан елден шығыпты. «Алтын шыққан жерді белден қаз» – демей ме, қоғам алғаш рет құл һәм құл иеленушіге бөлініп, күйкі күнкөрістің күйбеңінен сәл де болса босаған, төрт құбыласы түгел бай-бағлан қамшының са- бындай мына ғұмырда көз арбайтын сұлулық пен адамзаттың ақыл-есі ғана сезінетін ұлылық дегеннің бар екенін бажайлай бастады. Біздің сөз еткелі отырған Алғашқы Ақынымыз (оның Алғашқы Ақын болатынын о кезде ешкім білмейді, меніңше) құл иеленушінің тұла бойы тұңғыш ба- ласы еді. Еркетай! Бетімен кеткен деуге де болады! Тірі жан алдынан шықпаған аусар, тентек! Бұ кезде, олардың шамалауынша, он үш-он төрт жаста болуы керек, әйтеуір, одан жас та, үлкен де емес. Зерттеушілер, тіпті, оның өмірінің кейбір деректерін тауып та алыпты. «Мектепте де жөнді оқыған жоқ бұ бала» – дейді ака- демик атанып, ғылым-ілімнің соңына түскен сол ғұламалар – ақындардың бәріне тән типтік жағдай бұл дейді, әсіресе, арифметика, алгебра, геометрия сияқты сабақтар бұлардың қар- шадайынан нервіне тиіп, жұлынын жұқартқанын олар дәл тауып отыр. Мұндай пәндер өтіп жатқанда ақын баланың екі көзі көбінесе кластас қыздарында болған… Соларға тілін шығарып, ыржың-ыржың етеді, шашымен ойнайды, әппақ балтырына қолын да жүгіртіп жібереді… Мұны мұғалім де көреді, тәртіпке шақырғысы кеп, ұрсады. «Отырса – опақ, тұрса – сопақ» – деп қазақ осыны айтады. Кеудесіне шабыт келіп ұя сала бастаған болашақ адуынды ақын енді оларға көне ме? Текетірес басталады… «Неге, сен, өзің секілді мына балалардай жайыңа жүрмейсің?» – деп әкесі ұрады, шешесі де ұрсады… Сыр бөлісер пенде жоқ. Император мен сенатор, тіпті, өзінің құл иеленуші әкесіне еліктеп, шараптан ауыз тиіп… соның соңына түсіп, қызара бөртіп жүретін боп алды! Ешкім түсінбейді мұны.

*Трактат – (лат. tractatus; қа- раңыз. Трактамент) – қандай да бір жайтты ғылыми парықтау. Словарь иностранных слов, во- шедших в состав русского языка.- Чудинов А.Н., 1910.

Ең өкініштісі – түсінгісі де келмейді… Ол келе-келе қоғамға, адамға да патша көңілі толмай, Тәңірден басқаға бас имей, өршіл өлеңдер жазуды шығарады. Баланың басына осы кезде оқшау ойлар, өр кеудесіне кекшіл сезімдер ұя сала бастағанды. «Жазушыны жалғанның жарығына шығаратын – бақытсыз балалық қой» – деп кім айтса да, дұрыс айтқан! Енді оның ең алғашқы өлеңін оқыңыз – нанбасаңыз, – дейді ғалымдар. Оқиық.

АЛҒАШҚЫ ӨЛЕҢ**

О, Бостандық!

Мен құлдықты иттің етіндей жек көрем!

Менің адами құқымды шектеген.

Мен туғанда-ақ тұншыққан ем бесікте – Меніңше,

сонда-ақ, маған ауа жетпеген…

Жер тап-тар ғой – себебі,

Қалай сезбей келгем осы мен оны?

Улап-шулап, қажытты ғой мыналар,

Ұшқан құсқа ілесіп, Ұшып кеткім келеді.

Ғарышқа барып, қара жерге қайтадан,

Түсіп кеткім келеді!

Қанат байлап ұшар едім, ол да аса

Оңай болмас, Құдай бар ғой – қолдаса!

О, Греция, сені тастап кетер ем,

Айдай сұлу аруларың болмаса!

**Грекшеден еркін аударылған. Ертедегі гректердің ең алғашқы өлеңі осы десе болады (С.А.).

Үш-ақ шумақ өлең. Басында бұдан әлдеқайда көп болуы да мүмкін. Уақыт өте келе жоғалған немесе ел-жұрттың жадынан шығып, ұмытылған болар… Осы үш шумақ өлеңді он бес күн ойланып, он бес түн толғанып, жалғанның жарығына бір айда әзер шығарған деседі шежірешілер. Шығарайын демеген, шығып кетіпті! Адамзат тарихындағы алғашқы жыр- дың жарыққа шығуы оңай болмағаны осыдан-ақ көрініп тұр. Қазіргі өлең жазудың техникасын әбден меңгеріп алған ХХІ-ші ғасырдың ісмер ақындары бұған сенбейді, әрине… Сенбесе, қойсын! Бірақ, тарихи факт – осы. Өлең әзер туады – ананың құрсағын- да тоғыз ай, тоғыз күн жатып, толғанып, жарыққа шыр-шыр етіп келетін баладай ғой ол! Жас ақын – алды-артына аңдап қарай қоймайтын асау ақын жерден жеті қоян тапқандай, оны ең әуелі өзінің қыздарына оқиды.

Олар мұны естігенде ақыл-есінен айырылып қалды десе болғандай: «Қайта оқышы» – дейді жалынып. Бұрын-соңды туасы еркекзатынан мұндай жылы сөз естіп көрмеген әсем әйел заты осы жырға жан-тәнімен ынтызар болады. Бір емес, бірнеше мәрте қайталап оқып береді. Қыздар сол сәтте-ақ жаттап алады! Оларға да осы «бостандықтың» бір тылсым құдіреті жетпей жүрген болуы керек… Үйге келе сала, әке-шешесіне де оқып береді. Сонда олардың зәре құты зәр түбіне кетіпті дейді…

«О, Бостандық! Мен құлдықты иттің етінен жек көрем!» деген өлең күллі Грецияға аңыз болып жайылады! Әкесінің қол астындағы құл-құтанға барып оқыса, олар: «Бостандық деген немене?! – депті таң қалып… Ол кезде гректерде не көп, философтар көп: «Бостандық деген… сендердің кісендеріңді шешіп, емін-еркін жіберу керек деген сөз!» – деп түсіндіріп көрсе, олар: «Қыртқан екен! Онда біз қайда барып күн көреміз?!» – депті… (Олар әлі күнге дейін солай ойлап жүр!).

АҚСҮЙЕКТЕР МЕН ҚАРАСҮЙЕКТЕРДІҢ АРАСЫНДА

Бір күні бұл өлең жеті атасынан құл иеленген аристократтар мен се- наторлар, философтардың құлағы- на шалынады. Олар ішкі ойын сөз- бен көркемдеп, нәрлі нақыш, сиқыр үнді ырғақ, сыңғырлаған үйлесіммен (Александр Блок оны кейін гармо- ния деп атады) жеткізетін өзгеше бір адамдардың пайда болғанын сол сәтте-ақ сезіп, оған ерекше құрмет, сый-сияпат жасайды (біздің айтыс ақындарына жасағанымыздай, о кез- де автор деген жоқ, астына ат мін- гізіп, үстін үлде мен бүлдеге орайды, меніңше). Құл иеленгеніне небары 25- 30-ақ жыл ғана болған жаңа ақсүйек- тер ғана ақынға мұрындарын шүйіріп: «Құлдың бәрін шідерін шешіп, боса- тып жіберсек, жұмысты кім істейді?! Былшылдаған екенсің! Өлең дегеннен қандай пайда бар бізге?! – депті… Тура біздің олигархтар сияқты!

Философтар: «Бұлар бізге мүлде, ұқсамайды! Біз адамзатқа ақыл айтамыз. Бұлар ақыл айтпайды, азап шегеді!» – деген көрінеді. Содан бері поэзияның дидактикаға үш қайнаса, сорпасы қосылмайтын көрінеді. Біріне-бірі мүлде кереғар. Поэзия – дидактика емес, дидактика – поэзия емес! Ақылгөй ақындар кейіннен шықты ғой. Қайдан шыққан?! Оны бір Құдай білмесе, тірі пенде білмейді әлі… Міне, мәселе қайда?

Филологтар мен археологтар көз майын тауысып, қанша қадала зерттесе де, ақынның содан кейін жазған жырын таба алмады – архивтерде жоқ… Бірақ, таяуда оның екінші өлеңін тауып алып, қағанағы – қарқ, сағанағы – сарқ болып отыр.  Ақын мұны Муза деген қызға арнап жазыпты.

МУЗА

Ерінің от екен ғой лапылдаған,

Жүре ме отқа қарсы ақылды адам?

Өртеніп кетеді ғой күлге айналып,

Жаныңа жанұшырып жақындаған.

Ділді де, тілді үйіріп балдай жалған,

Бір сәуле көзімді арбап, алдайды алдан.

Мен де бір көзсіз соқыр көбелекпін,

Шарқ ұрып өлерінде шамды айналған.

Қаңқу мен өсекке де елең етпей,

Көп елдің гөй-гөйіне көне кетпей –

Шарқ ұрып, сені айналып, лағып жүрмін,

Көзсіз бір шамды айналған көбелектей.

Ұшып ем талай түрлі гүлді айналып,

Көз көрмей, көңіл босап, тіл байланып.

Түбіне жүрегіңнің қона беріп,

Түбінде кетермін-ау күлге айналып…

Бұл өлеңді гректердің бәрі де жатқа айтқан деседі. Әсіресе, әйелдер қауымы. Бұған қарағанда, алғашқы ақын еркектерден шыққан! Біздің Есенғалидың «Әйелден ақын шықпай- ды, әнші не күйші болмаса» – деп жүргені содан. Ол мұны өзі айтайын деп айтқан жоқ. Мұны бүкіл ғаламзат пен адамзаттың иесі Ар-Рахмаан* – Әл-Мутәкәббир** – Әл-Хаалиқ *** – Әл-Баари**** – Әл-Мусаууир***** – Жаһанды Жаратқан Жасаған Ие – Алла Тағала аузына салып отыр! Оған меніңше, әйел ақындар буынсыз жерден пышақ салып, тектен текке ренжіп жүрген көрінеді… Дұрыс емес онысы, мүлде!

Ар-Рахмаан* – Аса рақымды, Аса мейірімді – Әл-Мутәкәббир** – Тәкаппар, Аса жоғары. Әл-Хаа- лиқ*** – Жаратушы – Әл-Баари**** – Жоқтан бар етуші – Әл-Мусауу- ир***** – Бейнелеуші – Алла (араб- ша) – Әлемдердің Жаратушысы.

Ақынның осы жыры әйел біткенді шарайнаның алдына алып келді! Бұрын өзінің әсем көркіне, Тәңірі өзінің тәңіри талғамына салып, түнек жапқан жаһанға жарқырата жаратқан тұлға-бітіміне аса мән бере қоймай, қалай болса, солай жүретін әйел заты ерінін – бүлдіргенмен, қасын – қарақатпен бояп, құлпырып шыға келген! Еркек біткен аң-таң, өздері де аң-таң… Әйелмен қоса Әлем де таңғажайып күйге енді! Достоевский «Әлемді құтқаратын – сұлулық!» деген сөзді осы грек сылқымдарына қарап айтқан болуы керек деп орыс фи- лологтары шықты. Бірақ, бұл пікір де көңілге аса қона қоймайды. Неге десеңіз, сол – Достоевский айтқан сұлулық ормандай орыс жұртын да неше түрлі зымияндық пен зұлымдықтан құтқара алмай-ақ кетті ғой…

Пушкин мен Блоктың, Есенин мен Евтушенконың жан-дүниесін тебіренткен орман сұлулары патша Рома- новтар мен генсек Сталин, Хрущев, Брежневтер түгілі, демократ Ельцин- дерді де дегеніне жүргізе алған жоқ. Міне, мәселе қайда жатыр?

Содан бастап, Суретші деген кісілер пайда болып, әйелдердің әсем бейнелерін сала бастады. Күліп отырған әйелдер, мұңайып отырған әйелдер дейсің бе – бәрі бар мұнда. Әрбірден кейін оларды тыр жалаңаш қалпында бейнелеуге көшті! Сөйтсе, әлемде әйелдің денесіне жететін сұлулық жоқ көрінеді! Соны адамзат енді білді, әлгі Алғашқы Ақынның өлеңінен кейін… Ол болмаса, осы күнге дейін әйел мен еркекті айыра алмай, жүре берер ме еді, қайтер еді?

Ә дегенде, Муза әйел – ер-азаматтың кеудесіне асқақ күш, жан-тәніне Құдайдың сиқырлы бір қуатын құятын құдіретті рухтың аты еді, кейін келе-келе ақындарға адуынды шабыт шақыратын поэтикалық терминге айналып кетіпті. Жайдан жай «айналып» кеткен жоқ, біреулер «айналдырып» жіберді!

О, ҰЛЫ МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ!

Ақындардың көктемнің көгіндей қаулап шығуы Грецияда ғана емес, құрлық-құрлықта осыдан кейін басталды. Ел олардың өлеңдеріне ерекше ілтипат-құрметпен құлақ түріп, асқақ ой, шалқар сезімге бөленді! Әсіресе, әйелдер! Баяғыдан бойында бар хайуандық-тұрпайы сексуалдық инстинкт енді адами, әдемі махаббат деген сезімге ұласып жөней берді. Греция Поэзия Патшалығына айналды! Құл иеленушілердің алтынмен аптап, күміспен күптеген мәрмәр залдарын ақындардың жауһар жырлары жаңғыртады!

Ақындардың тууы маңдайында екі көзі ғана бар адам баласының үшінші – төбе көзін ашты! Мидың саңыла- уынан Тәңірінің сәулесі түсті! Қап-қара түнекке малынған мына Дүние жап-жарық болып кетті! Грек фило- софтары «Іңжілде «Ең бірінші пайда болған Сөз!» – деген жоқ па?» – деп терең ойға батып отыр – Тәңірі бәрін біледі! Біз екі аяқты пенде – қоғамдық жануарлар – ақыл-ойымыз өте шектеулі, Жаратушы емес, Жаратқан Жалғыз Иенің санамыздың саңылауына төккен нұрын ғана сеземіз, Тәңірінің құпиясын бізден бұрын сезетін осы – ақындар!» – деген. Гректерден қалыса қоймайтын қазақ та: «Ақын мен аққуды атуға болмайды, киесі жібермейді!» – деген жоқ па?! Гректер мен қазақтардың өте-мөте ұқсас халық екеніне мыңдаған мысал келтіруге болар еді, әттең, уақыт бол- май тұр.

Грецияны ата жауларынан көзінің қарашығындай аман сақтап қалған батыр-баһадүрлер өздерінің ерлігі, ерен қаһармандығы туралы жырларға есінен тана елтіп, өр кеудесін Күнге тосып, аяқтарын алшаң-алшаң басып, мағмұрланып жүрді. Мына дүниеде еңсесі төмен түсіп, елге жау шапқанда аяғының ұшына қараған ез, қояндай қорқақ болудан өткен қорлық жоғын сезді! Құл-құтанда ондай сезім болған жоқ, өлеңнің қара сөзден өзгеше өрнегін сезініп, өзегі өртену өз алдына, өмірдің зіл салмағын екі иығымен қайыспай көтеріп жүрудің өзі оңай болған жоқ-тын оларға. Тарихтың ұзына бойына көз салып, қыдыра шолсаңыз, олардың тұқымынан ақсүйек те, батыр мен ақын да шықпағанын көрер едіңіз. Көрген соң, еріксіз көңіл құлазиды.

Рим сенаторлары: «Греция – гректердің Отаны! Оның ортақ қазынасына суық қолын сұғу – елден безген оңбаған мен қайдағы бір қағылған, соғылған қайыршының қарекеті! Гректің асын ішіп, астауын босату көрінгеннің қолынан келеді, оны ақындарша сүйіп, ақындарша алақанға салып, аялау керек!» – дейді! Бұлар немене, біздің бүгінгі ұлттық береке-ырысымызды жегі құрттай қақшып жеп жатқан коррупция деген пәлекетті айтып отыр ма сонда? Ол сол заманда-ақ адамзатқа азу тісін көрсете бастаған ғой, тәрізі?

Арқасына аруақ қонған грек халқы: «Әлемде Грециядай асқақ ел жоқ!» – деді бірауыздан! Есениннің «Если крикнет рать святая: «Кинь ты Русь, живи в раю!», Я скажу: «Не надо рая, Дайте Родину мою!» – дегені сықылды! Осы заманда адамның ақыл-ойы мен асқақ сезімі құзар шыңға көтерілді де, күнделікті күнкөріс пен ішіп-жем құлдырап, төмен түсіп… Дүние-Жалған 180 градусқа бұрылып, өзгеріп бара жатыр еді… Кейін көн тартқан қалыбына қайта түсті!

Бұл уақытта гректер қаптаған қантөгіс, соғыстардан әбден қажып, содан ақыл-есін жия алмай жатқан-ды. «Жесірімізді қараусыз қалдырып, жетімімізді қаңғырпайық, ұлы Грецияға обал болады ғой», – деген сөздер осы кезеңде айтыла бастады. Бара-бара гректердің өздері де ұмыта бастаған бұл сөз Алланың жазуымен, біздің қазақ поэзиясына көшіп келіп, ағаш уықты, киіз туырлықты қазақтың қара шаңырағында қалып қойды («Бір жаманы – шаруасын мандытпаған, Бір жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған. Бір жаманы – үйленіп жеңгесіне, Бір жақсысы – жесірін қаңғытпаған… (Қадыр МЫРЗА ӘЛІ).

Поэзия дегеннің өзі біздің қазақ секілді көшпелі құбылыс, біресе гректен – қазаққа, қазақтан – орысқа, одан французға тағы басқа да елдерге жөңкіліп көшіп жүре береді. «Айтылмаған ақиқат, ашылмаған жаңалық жоқ, мәселе соны өзіңше, өзгеше айта білуде жатыр ғой», – дейді ақ маңдайы жарқыраған әдебиеттанушы ғалымдар.

ЕСКЕРТКІШ

Зерттеушілердің бүгінгі күні тапқан деректеріне сенсек, осы заманғы поэзиядағы тақырыптар мен идея- лардың түп-төркіні Балқан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңізіндегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан Эллада (Ελλάδα) – б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейінгі ежелгі грек мемлекетінен, тура осы ақыннан шыққаны белгілі болды. Мәселен, елдің бәрі білетін, әсіресе, ақындар қауымына өте-мөте таныс «Ескерткіш» деген бір тақырып бар. Ол да осы ақыннан шыққан, біздің бәріміз жақсы білетін Горацийден* емес! Ол соның жырын пір тұтқандардың біреуі ғана! Пушкиннің өзі солардан алып, «Я памятник себе воздвиг нерукотворный…» деген өлеңін жазған. Бұл – оның классикалық туындысының бірі әрі бірегейі. Мұқағалидың «Ескерткіші» одан мүлде, бөлек: «Ал, енді қоштасайық, сардар аға, Мен ертең кетем ұшып сардалама. Қыранның қырандығы – кең далада, Қыранның қырандығы – тауда ғана. Мен ертең кетем ұшып сардалама, Қош боп тұр, қош, есен бол, сардар аға! Сөкпей де, өкпелемей қал балаңа… Ақынның ақындығы – атақта емес, Ақынның ақындығы – арда ғана. Айтатын арызым бар, аға, саған, Көңіл – кермек, бой – күйез тамашадан. Ақымақпын, кей-кейде арыма мен, Өз қолыммен күйені жаға салам. Сен болған шақ бұлыңғыр, тұнжыр маған, Әйтсе де, аямапты құрғыр заман. Болат Пушкин тіріліп кете ме деп, Тұғырыңды болатпен шынжырлаған. Қарадым сенің қола мүсініңе, Қоланы да болады түсінуге. Мені Тәңірім жаратқан табынуға, Сенің мәңгі хақың жоқ кішіруге. Ортасына сауықшыл түсіп көптің, Мастандым да, масайрап ісіп кеттім. Мұң шаға келіп едім, ұш! – дедің сен, Өзің ұш деп тұрған соң ұшып кеттім. Ұшып кеттім тауларға бұлт басқан, Төңкеріліп теңізге тұныпты аспан. Теңіз бенен аспанның тыныштығын, Долы дауыл барады жұлып, қашқан. Қош бол, аға, әлемді тамсандырған, «Тас мейманға» табиғи жан салдырған. …Меніменен сайрандар жел жоқ, бірақ, Алатауым күтіп тұр қарсы алдымнан…»

*Гора́ций Флакк (лат. Quintus Horatius Flaccus) – ертедегі грек ақыны.

Мынау Жұмекеннің «Абай ескерткіші» деген өлеңі: «Бір сенімі бар еді маған да елдің, «Ұлғайды арман», Мен-дағы алаң болдым. Ымыртта ымырт құсап қоңырайып, Өзімді іздеп шығып ем – саған келдім. Кетті дей- ді жыр оңбай… құрсын бәрі, Сыншылар жүр том жазып, ырсыл қағып… Жүз мода өзгерді ғой, мың бір заман, Түйе жүн күпі киіп тұрсың ба әлі? Қара шал-ай, қарашы мойын бұрып: Жырды алдым шау тарттырып, қойылдырып. Басқа барар жерім жоқ, саған келем, Қалғанда сөзім жүдеп, ойым құрып. Таппаған соң өлеңмен жүрек емін, Бір-ақ сілтеп қолымды жүрер едім: туатұғын сықылды бүгін-ертең мраморға жазылар бір өлеңім. Қажып келдім, қасыңа қалғиыншы, Не қарғыс, не бата айтшы… ал, құйылшы. Сен маған туған жерім си- яқтысың, Аңсағанда келетін шалдың исін…»

Серік АҚСҰҢҚАР

(Басы. Жалғасы ).

Сообщение Адамзаттың Алғашқы Ақыны (Эссе-трактат*) появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.