Covid-19Ресми

Тәжірибелік зерттеу – оң нәтиже

Ресей ғалымдары «Спутник-V» вакцинасының COVID-19 жаңа мутацияларына қарсы тиімді деген қорытындыға келген.

– Н.Гамалей атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында жүргізілген соңғы тәжірибелік зерттеу оң нәтижесін көрсетті. Вакцинаның коронавирустың жаңа мутацияларына, оның ішінде британдық және оңтүстік африкалық штамдарға қарсы өте жақсы жұмыс істейтіндігін дәлелдеді, – деді орталық директорының орынбасары Денис Логунов.

Зерттеудің толық нәтижелері жақын арада әлемдік ғылыми басылымдарда жариялау жоспарланған. «Спутник-V» вирустық векторлық вакцинала адам ағзасында коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін қажет. Генетикалық ақпаратты жеткізуде, тасымалдау қызметінде зиянсыз модификацияланған вирустар қолданылады.

Басқа материалдар

Back to top button