Covid-19Шет

«QazVac» аудандарға жетті

Шет ауданында коронавирусқа қарсы екпе егу қарқынды жүргізілуде. Бұған дейін ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы келген болатын. Бұл екпемен медицина, әкімдік, білім беру, құқық қорғау салаларының қызметкерлері және қатер тобына жататын тұрғындар қабылдаған болатын. Енді міне, 27 сәуірден бастап, аудандық орталық ауруханада отандық «QazVac» екпесі салына бастады.

Отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Менисов бастаған қызметкерлер алды.

– Вакциналау – тап қазір аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцина алу арқылы біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғауға мүмкіндігіміз бар. Отандық өнімге сенеміз, – дейді полиция бөлімінің бастығы.

Вирусқа қарсы вакциналау аудандық орталық аурухана мен Ақадыр кенттік ауруханаларында арнайы дайындалған орындарда жүзеге асырылуда. Аталмыш орындар апта бойы үзіліссіз жұмыс жасайды. Екпе аламын деушілерге таңдау мүмкіндігі бар. Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button