Облыс әкіміРесми

Орталық саябақтағы көл тазартылады

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК Қарағандыдағы орталық саябақтағы көлді таза сумен толықтыру үшін экологтардың қатысуымен жылжымалы кеңес өткізді. Арнайы экологиялық жоба әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

– Қарағандылықтар саябақтың жай-күйіне алаңдаулы. Әлеужеліде түрлі фотосурет пен бейнежазбалар көп таралған. Тұрғындардың көтеріп отырған мәселесі – орынды. Көлшікке түрлі қоқыстар тасталғандықтан ластанып кеткен. Сондықтан кешенді және жүйелі шешім қажет. Жыл сайын өзен тазалау және санациямен айналысу керек, – деді Жеңіс Қасымбек.

Шілде айына дейін қала әкімдігі жобалық құжаттаманы әзірлеп, жазда жұмысқа кірісуі керек. Ал, қажетті сома жобалау нәтижелері бойынша белгілі болады. Қазақстанда су айдындарын тазартумен айналысатын ұйымдар бар.

Соңғы күндері саябақ көліндегі су деңгейі көтерілді. Көлшіктегі қоқысты саябақ қызметкерлері тазартып жатыр. Алдағы уақытта ұжымға қажетті техника беріледі.

Басқа материалдар

Back to top button