Жаңалықтар

ONAY! алып үлгеріңіз

Қоғамдық көлікте жолақысын төлеуге арналған ONAY! картасын алып үлгермеген қарағандылықтар 1 ақпаннан бастап 150 теңге төлейтін болады.

2022 жылдың 1 ақпанынан Қарағандыда қоғамдық көліктерде жүруге арналған дифференцияланған тариф жұмыс істей бастайды. Жол жүру құны жолаушылардың төлем әдісін, яғни, картаны немесе қолма-қол ақшаны пайдаланғанына байланысты өзгереді. Біріншісі бойынша төлем құны өзгеріссіз – 80 теңгені, ал, екіншісінде екі есеге артып, 150 теңгені құрайды. Қазір Қазақстанның 12 ірі қаласында жолаушылар тасымалы цифрландырылғанын айту керек. Қарағанды әлі де жолаушылар автобустарында қолма-қол ақша төлейтін санаулы облыс орталықтарының бірі.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button