Жаңалықтар

Облыстық «Тіл – қазына» жобасы таныстырылды

Бүгін «Қасым» үйінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастамасымен, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен жүзеге асатын «Тіл – қазына» жобасының арнайы таныстырылымы өтті. Бұл туралы Тілдер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, «Аманат» партиясының жауапты хатшысы Бекзат Алтынбеков, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Гүлнәрайым Қаңтарбекова, тіл жанашыры, қоғам белсендісі, көшпелі семинар-тренингтің спикері Эльмира Сайлауқызы және жобаның үйлестірушілері мен аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты – Мемлекеттік тілдің қоғамның әр саласында қолданылу аясын кеңейту, ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін арттыру, қазақша контенттер қатарын көбейтуге атсалысу, отбасында мәдени мұраны сақтау және насихаттау, қазақ халқының ұлттық құндылықтарының сақталуын дәріптеу.

Жоба 2022 жылдың тамыз-қараша айы аралығында өтеді. 

Жоба аясында іске асырылатын іс-шаралар:

1) Қарағанды облысының 11 өңірінде өтетін көшпелі семинар-тренинг

Мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын және «Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы», «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы», «Жарнама туралы» ҚР Заңдарының талаптарын көпшілікке кең ауқымда түсіндіру.

2) Әлеуметтік желіде «Қазақ тілі 24/7» контентін қалыптастыру.

Мақсаты: бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде қазақтілді сапалы контентті арттыру, өзге ұлт бүлдіршіндері мен жастарының қатысуымен «Қазақшаң қалай, балақай?» атты бейнероликтерді кең ауқымда тарату арқылы өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген оң көзқарасты қалыптастыру.

3) «Үлгілі отбасы» облыстық байқауын ұйымдастыру

Мақсаты: мәдени және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау әрі жаңғырту арқылы өскелең ұрпақ арасында еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

#мемлекеттіктіл #тіл #тілқазына #қазақтіліқоғамы #тілбасқармасы #тілсаясаты #қазақшасөйлейік

Басқа материалдар

Back to top button