Қарқаралы

Көрермен алдында – театрлар керуені

Қарқаралы ауданында жыл сайын ұйымдастырылатын «Театр – тәрбие бесігі» атты театр айлығы басталды. Театрлар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойы аясында көрермендерімен онлайн форматта қауышты.

Айлық шымылдығы Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» қойылымымен ашылды. Кейіпкерлерін Мақат Рымжанов атындағы Абыз халық театрының ұжымы шынайы сомдай білді. Індет жағдайындағы санитарлық нормаларды сақтай отырып, көрермендеріне жан тебірентерлік көңіл күй сыйлауда.

Өнерсүйер қауым youtube желісі арқылы қойылымды тамашалап, көзқарастары мен пікірлерін білдіруде. Сонымен қатар, Атығай Шанин атындағы Қарқаралы қаласының халық театры Қасым Аманжоловтың «Досымның үйленуі», Тәттімбет ауылының халық театры ақынның тағы бір шығармасы «Аңқау Жүсіп», Егіндібұлақ халық театры «Жасын ғұмыр – Қасым ғұмыр» атты әдеби-сазды қойылымын ұсынуда.

Ауданда руханияттың көшін жалғаған театрлардың төртеуі халықтық атаққа ие.

Сағыныш ӘБІЛ,

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button