Бас тақырыпБілім

Инклюзивті білім жоғары деңгейде болады

Елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 162 мыңнан астам бала немесе балалардың жалпы санының 2,7 пайызы білім беру процесіне ерекше көзқарасты талап етеді. Осыған байланысты 2011 жылдан бастап Қазақстанда инклюзивті білім беруді кезең-кезеңмен дамыту басталды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті орта құру бойынша шаралар көзделген.

Осыған байланысты, кеше, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:

– Білімді дамыту, білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек. Себебі, ол біздің ұлтымыздың, еліміздің болашағы. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы білім, соның ішінде ерекше білім беру талаптарын жетілдіру мәселелеріне қатысты арнайы тасырма берген болатын, – деді. Осы орайда мақұлданған заң жобасында бірқатар маңызды сұрақтар қамтылып отырғанын айтты. Енді инклюзивті білім беруге заманға сай стандарттар енгізіледі. Бұл жолда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тұрғылықты жері ескерілген.

Басқа материалдар

Back to top button