«Елдікті сақтап қалған ЕР ТАҢЫБАЙ» әдеби және тарихи-танымдық байқауының ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
«Елдікті сақтап қалған ЕР ТАҢЫБАЙ» әдеби және тарихи-танымдық байқауы (бұдан әрі — Байқау) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және Кәрсөн Бекназарұлы Таңыбай батырдың 350 жылдығына орай ұйымдастырылады;
Байқауға ересек адамдармен қоса мектеп оқушылары, жоғарғы және арнаулы орта білім ошақтарының студенттері қатыса алады;
Байқауға – қазақ халқының батыры Бекназарұлы Таңыбай батыр туралы өлең-жырлар, әңгімелер, очерктер, тарихи деректер қабылданады;
Осы Ереже Байқау шаралары аяқталғанға дейін қолданыс күшін жоймайды;
Батыр туралы жазған шығармаладың электронды нұсқасы және қосымша ақпарат arka.aksunkary@mail.ru, tanybaibatyr350zh@mail.ru электронды почталарына жіберіледі.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
жастарды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;
жастарды әдебиетке, поэзияға сүйіспеншілігін ояту.
3. Ұйымдастыру алқасының қызметі
Байқауды Таңыбай батыр атындағы «Арқаның Ақ Сұңқары» қоғамдық қорының Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
Ұйымдастыру комитетінің құрамына Таңыбай батыр ұрпақтарының беделді адамдары, шығармашылық саласындағы азаматтар кіреді.
Ұйымдастыру комитеті өкілеттілігі:
Байқаудың өткізілу шарттары мен Ережесін бекітеді;
Қазылар алқасының жұмысын үйлестіреді.
4. Байқауды өткізу деңгейлері, тәртібі мен шарттары
Байқау 2020 жылдың 25 қазанынан бастап 2021 жылдың 25 қаңтарына дейін өткізіледі;
Шығармашылық туындылар 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін қабылданады;
Байқауға қатысушылардың әрқайсысы толық аты-жөнін (тегі, аты, әкесінің аты), туған жылы, айы, күні, атқаратын қызметі, лауазымы, шығармашылықпен айналысып жүргені туралы уақытын көрсетулері қажет;
Байқауға қатысуға сұраныстар мына электронды пошта арқылы қабылданады: arka.aksunkary@mail.ru, tanybaibatyr350zh@mail.ru.
Байқауға қатысушылар Бекназарұлы Таңыбай батыр туралы өлең-жырлар, әңгімелер, очерктер, тарихи деректер жазып жарысады.
5. Бағалау критерийлері:
Қатысушылардың өнері балдық жүйемен бағаланады;
Қазылар алқасы шығармалардың орфографиялық, стилистикалық және көркемдік ерекшеліктерін ескере отырып, дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
6. Қазылар алқасы:
Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау үшін қазылар алқасы құрылады;
Қазылар алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды;
Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды;
Дауыстар саны тең түскен жағдайда қазылар алқасының төрағасы шешуші дауысқа ие болады; Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.
7. Марапаттау
«Елдікті сақтап қалған ЕР ТАҢЫБАЙ» әдеби және тарихи-танымдық байқауының жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байқауда келесідей орындар беріледі:
І орын (біреу) – 200 000 теңге;
ІІ орын (біреу) – 150 000 теңге;
ІІІ орын (біреу) – 100 000 теңге.
— Сонымен қатар, жүлделі орынға ие бола алмаса да, 3 сайыскерге 50 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Байқау барысында үздік болып танылған өлең-жырлар, әңгімелер, очерктер, тарихи деректер баспада дайындалып жатқан Бекназарұлы Таңыбай батырға арналған кітапқа енгізілетін болады;
— Марапаттау рәсімі Бекназарұлы Таңыбай батырдың 350 жылдығына арналған мерекелік шараларда жүргізіледі.
Байқау Ережесіне өзгерістер енгізілсе arka.aksunkary@mail.ru электронды почта арқылы қосымша хабарланады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Төле би көшесі, 302-үй. «Елдікті сақтап қалған ЕР ТАҢЫБАЙ» әдеби және тарихи-танымдық байқауы.
Таңыбай батыр атындағы «Арқаның Ақ Сұнқары» қоғамдық қоры.
№263.