«Еңбек» – жұмыссыздықты жеңбек
Президент бастамасымен қолға алынған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Приозерск қаласында бірқатар жұмыс жүзеге асырылды.
Бағдарламаның 1 бағыты «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету бойынша кәсіби даярлау қолға алынып, жұмыс іздеп жүрген адамдар қамтылуда. Сондайақ, бағдарламаның екінші бағытында ақысыз және қайтарымсыз негізде 3 мемлекеттік грант берілді. Бұл туралы Приозерск қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Рахима Ахметова мәлімдеді.
– Сәуір айынан бастап, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттармен тағы 7 жоба шығару жоспарланып отыр. Айта кетейік, жаңа бизнес бастаушыларға мемлекеттік гранттар айлық есептік көрсеткіштің 200 еселенген мөлшерінде беріледі. Бұдан бөлек, 30 қатысушысына жалақысы үшін мемлекеттен субсидиялар есебінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін 12 ай мерзімге әлеуметтік жұмыс орны қарастырылған. Қаңтардан бастап, 24 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. 6 айлық жастар практикасын ұйымдастыруға 40 адамға 16 044 мың теңге бөлінді. Алғашқы жұмыс тәжірибесін алу үшін ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, жоғары оқу орындарының 3 түлегі жіберілді, – дейді Рахима Есенаманқызы.
Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК қаласы.