Қатарынан төртінші жеңіс!

Ал, хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы Лейк-Плэсидте (АҚШ) кезекті жеңісіне қол жеткізді. Топтық кезеңде Словакия құрамасын 4:0 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі ұпай саны бойынша алға шықты.

2019 жылы Ресейдің Красноярск қаласында өткен универсиадада отандастарымыз жартылай финалда Словакиядан 0:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Осы жолы қос команда топтық кезеңде кездесті.

Отандастарымыз үшін ойынның алғашқы кезеңі сәтті өтті. Максим Мұхаметов (8-минут), Станислав Александров (10-шы), Батырлан Мұратов (20-шы) есеп ашты. Екінші айналымның 28-ші минутында Олег Бойко төртінші шайбаны қақпаға тоғытып, қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады. Үшінші айналымда таблодағы есеп өзгермеді. Осылайша, отандастарымыз Универсиадада қатарынан төртінші ірі жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, сонау жылы Словакия құрамасының уысында кеткен жеңісті қайтарып алды.