Covid-19

«Ashyq»-қа қосылғандар артты

«Ashyq»-қа қосылғандар қатары күн санап артып келеді. Кешегі күнгі мәлімет бойынша бұл тізімде Қарағандының 81 мекемесі бар. Енді бұл тізім, тіпті де, көбейе түспек. Себебі, арнайы қосымша облыс көлемінде жұмысын бастайды.

Облыстағы Ұлттық кәсіпкер палатасы филиалының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бөлімінің басшысы Азамат Дәненбаев осылай деп мәлімдеп отыр.

– 26 сәуірден бастап 60 қоғамдық тамақтану орны қосымшаға қосылады. Одан бөлек, Жезқазған, Абай, Сәтбаев, Теміртау сияқты қалалардың кәсіпкерлері де жобаға қосылуға әзір отыр. Олардың саны – 78. «Аshyq» қосымшасын қолданатындар арасында боулинг клубтар, фитнес орталықтары, компьютер клубтары мен бассейндер, сауналар мен SPAорталықтар басым, – дейді маман.

Дей тұрғанмен, карантин талаптарын бұзатындар да анықталып жатыр. Әзірге «сары» статустағы 8 адам бар екен. Кез келген адам жоба іске қосылған көпшілік орындарға барарда өзінің денсаулығының жайын, яғни, статусын тексеріп алуына болады. Республика көлемінде ashyq.kz сілтемесі арқылы алдын ала білуге мүмкіндік бар. Осы уақытқа дейін тыйым салынған «қызыл» немесе «сары» статусқа ие 60-тан астам адам тіркеліпті.

– Қосымша жұмысындағы кемшіліктерді азаматтарды қолдау қызметіне @support_ ashyq_bot Telegram-ы арқылы хабарлауға болады, – дейді Азамат Дәненбаев. – Жобаға қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Кәсіпкерлерді де, оған барушы тұтынушыларды да ешкім мәжбүрлемейді. Бұл – өзгермейтін ереже. Сонымен қатар, келушілерінің қауіпсіздігін сақтағысы келетін басқа саладағы кәсіпкерлер де жоба қатысушы бола алады.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button