Ресми

Қарағанды облысының фронт-кеңселерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып қайтты

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар өңірдің ішкі істер органдарының фронт-кеңселерін аралап қайтты. Облыс орталығынан бөлек, ол Теміртау және Жезқазған ІІБ фронт-кеңселерінде болып, қызметтерін бастағаннан бері бұл мекемелер өздерін тек жағымды жағынан көрсеткендерін атап өтті.

Барлық мемлекеттік органдарда фронт-кеңселер “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру үшін құрылғаны белгілі. Олардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді барынша тиімді және сапалы түрде көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Яғни, кез-келген адам қысқа мерзімде өз сұрағына толық жауап ала алады.

– Карантиндік шектеулерге қарамастан, фронт-кеңселердің жұмысы тоқтатылған жоқ, азаматтар үшін қолжетімділік әлеуметтік қашықтықты және сақтық шараларын сақтауды ескере отырып ашылды, — деп атап өтті Нұрлан Шабдар.

Мысалы, ашылған сәттен бастап Қарағанды облысы полиция департаментінің фронт-кеңсесіне 10 045 азамат, ал осы жылдың қаңтар айынан бастап — 1 224 азамат жүгінген. Қарағанды қаласының полиция басқармасы бойынша жыл басынан бері бұл сан 742 адамды құрады, Теміртауда 23 келуші, Жезқазғанда 588 адам болды.

Басқа материалдар

Back to top button