Жаңалықтар

Айырбастау операцияларын жүргізу туралы

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қарағанды облысында 183 айырбастау пункті жұмыс істейді, оның ішінде 146 ІІ деңгейдегі банктердің айырбастау пункті, 14 уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункті, 23 “Қазпочта” АҚ айырбастау пункті бар. Бұл туралы валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бас маман-экономисі Әйгерім Омарбекова хабарлады.

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – №49 ереже) айырбастау пункттерінің қызметін реттейтін негізгі нормативтік акт болып табылады.

Айырбастау пункттері, оның ішінде автоматтандырылған пункттер теміржол вокзалдары, казино, халықаралық әуежайлардың аэровокзалдары ғимараттарының ішінде, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің аумағында орналасқандардан басқалары 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Бірінші санаттағы стационарлық сауда объектілерінің ғимаратындағы айырбастау пункттерінің жұмыс режимін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциясын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға 9 сағаттан 22 сағатқа дейінгі уақыт шегінде дербес айқындайды.

Бір заңды тұлғаның әртүрлі айырбастау пункттерінде әртүрлі бағамды белгілеуге жол беріледі.

Айырбастау пункттері арқылы (оның ішінде автоматтандырылған) 500 мың теңге баламасынан асатын сомаға жүргізілген айырбастау операциясы бойынша айырбастау пункттерінің кассирі тізілімдер журналында мынадай деректерді көрсетуге тиіс.

Біріншіден, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері.

Екіншіден, клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса).

Үшіншіден, клиенттің заңды мекен-жайы – деді Омарбекова Әйгерім.

Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 мың теңге баламасынан аспайтын сомаға айырбастау пункттері арқылы (оның ішінде автоматтандырылған) жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі.

Айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол ұлттық немесе қолма-қол шетел валютасының болмауы себебінен жеке тұлғаға айырбастау операцияларын жүргізуден бас тартқан кезде айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талап етуі бойынша еркін нысанда анықтама береді.

Бұл анықтамада айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрі мен сомасы, анықтаманың берілген күні мен уақыты көрсетіледі. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі ережелерінде белгіленген тәртіппен тіркеледі – деп түсіндірді бас маманэкономист.

Айырбастау операцияларын жүргізгенге, тазартылған құйма алтынды сатып алғанға немесе сатқанға дейін “Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” 2009 жылғы 28 тамыздағы ҚР Заңына сәйкес тұтынушыларды тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылданады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Қарағанды филиалының баспасөз орталығы.

Басқа материалдар

Back to top button