«Айбын» әскери-патриоттық жиыны басталды

Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына және ҚР Әскери күштеріне 29 жылдығына орай «Айбын» әскери-патриоттық бойынша жастар жиыны облыстық онлайн жарысы бастау алды.

Аталмыш жиынды «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, Қарағанды облысы білім басқармасы, «Қарағанды облысы әскери-спорттық және патриоттық клубтарының қоғамдық бірлестігі» ұйымдастырып отыр.

Жиынның басты мақсаты жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, осы бағыттағы клубтардың іс-қимылын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери қызметті өтеу кезінде қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру.

28 сәуір күні басталған жиынға ZOOM платформасында 8 команда қатысты. Жарыс қорытындысы 30-шы сәуірде белгілі болады.