Жаңалықтар

Депутат А.Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылды

«Ақ жол» демократиялық партиясының пленумы Азамат Әбілдаевты партиядан шығарды, деп хабарлайды ortalyq.kz mail.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бүгін елордада партияның ұлттық кеңесі пленумы өтті. Жиында Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.

– Ұлттық кеңес мүшелері Әбілдаевтың сөздері «Ақ жол» партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы бұзып тұрғанына баса назар аударды. Партия қашан да республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды,- делінген хабарламада.

Ұлттық кеңес шешімімен ол партия қатарынан шығарылды. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына оның депутаттық мандатын тоқтату туралы хат жолданды.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Ресей президенті Путинді қолдайтынын айтқан. Ол сонымен бірге Ресейдің Украинаға басқыншылығын «арнайы операция» деп атаған болатын.

Басқа материалдар

Back to top button