Мұсылманша түс жору

Ислам дінінде қашан да болмасын түске және оның адам тәрбиесіндегі рөліне үлкен мән берілген. Ұсынып отырған түс жоруымыз түске, оның мән-мағынасына бей-жай қарамайтын жандар үшін қызықты әрі пайдалы болмақ.

А

Адамдар (көпшілік) – түсте көпшілік қауымды көрсеңіз, көре алмайтын әрі екіжүзді адамдардың соңынан ересіз.

Адасу, қателік – адам түсінде қателессе не жолдан адасса, онда бұл оның тура жолдан ауытқуын білдіреді.

Ай – түстегі ай мен күн – ата-ананың белгісі. Егер ай мен күн сізге иілсе, ата-аныңыздың разы болғаны. Сырқат адам толған ай көрсе өмірі ұзарады. Ал керісінше жағдай ғұмырының қысқа боларының белгісі.

Айна – ол әйеліңіз. Егер ер адам түсінде айнаға қараса және түс көрген уақытында жұбайының аяғы ауыр болса, өзіне ұқсайтын ұл бала дүниеге келеді. Егер әйелі жүкті болмаса не бойдақ болса, мұндай түс қызметінен босайтынын білдіреді.

Акула –жақын күндері жасырын не қас дұшпанмен кездесетініңізді білдіреді.

Аққу – адал жолмен бай-бақуатты болу.

Алақан, білек – ер адамның күш-қуаты. Ашық алақан молшылықта өмір сүруді аңғартады.

Алмаз, гаухартас – отбасылық қуаныштың белгісі.

Алмұрт – түсте алмұрт жеу –денсаулығыңыздың біраз уақыт сыр беретінінің белгісі.

Алтын – қайғы-мұңнан арылу, қуаныш белгісі.

Ананас – түсіңізде ананас көрсеңіз, бастаған ісіңіз табысты болмақ.

Арал – түсіңізде арал көрсеңіз, өміріңізде оң өзгерістер мен қызықты саяхат күтілуде.

Арыстан, жыртқыштар – мұсылман қауымынан алыстаған имансыз адамдар.

Асүй – таза, кең әрі жинақы асүй әйеліңіздің тазалығы мен инабаттылығын білдіреді.

Аспан – аспаннан от жауса халық індет, қаза не тауардың қымбаттауы сынды бақытсыздыққа душар болады. Аспан – басшының белгісі. Арқанның не баспалдақтың көмегімен көкке көтерілсеңіз, билікке қол жеткізесіз. Көкке жақындау – Аллаға жақындаудың нышаны.

Ауру – екіжүзділікті не діни ережелерінің толық орындалмауын білдіреді.

Аурухана – егер түсіңізде аурухана көрсеңіз немесе ондағы ауырған адамның  жағдайын сұрап жатсаңыз,  ол жақсылықтың нышаны; болашақта жеке өміріңізге табыс, қуаныш және сәттілік әкеледі.

ТОЛЫҚ АШУ ҮШІН СІЛТЕМЕНІ БАСЫҢЫЗТОЛЫҚ НҰСҚА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.