Қарағанды

Әзірлік мығым

   Қарағандыда Жаңа жыл мерекесіне орай 70 шырша орнатылады. Облыстың бас шыршасы қала орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында бой көтермек. Оның биіктігі – 25 метрді құрайды.

Бас шыршаны құруға қажетті жаңа жасыл бұталар мен әшекейлер сатып алынды.

Соңғы рет біз бас шыршаны 2013 жылы жаңартқан болатынбыз. Сол уақыттан бері безендіретін әшекейлер тозып қалды. Сондықтан, оларды жаңартуға тура келді. Бұдан бөлек, биылғы жылы Қарағанды орталығында тағы бір жаңа әсем нысан пайда болады. Ол диаметрі 25 метрге жететін жарық шамдардан жасалған субұрқақ. Аталған субұрқақ каскад алаңындағы басты субұрқақтың ішінде орнатылады, – дейді шаһардың бас суретшісі Юлия Плужникова.

Қарағанды көшелері қа­зірдің өзінде жарықтандырылған аркалармен, сәнді шыршалармен және шырша шарларымен безендірілуде. Өткен жылдардан қалған әшекейлер де осы қыста пай­даланылады. Безендірулер қаламыздың барлық аудандарында орнатылады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсанда Қарағандыда алғашқы қалалық жаңа­жылдық фестиваль өтеді. Ниет білдіруші кез келген қала тұрғыны су алаңында өздерінің авторлық шыршаларын орната алады. Олар түрлі техникада әртүрлі ма­териалдардан жасалуы мүм­кін. Жалғыз ғана шарт – шыршаның биіктігі үш метрден төмен болмауы тиіс. Шыршаны 25 желтоқсанда орнатуға болады. Ең үздігін қазылар алқасы 26 желтоқсанда таңдап алады.

Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button