ЖаңалықтарСпорт

Зілтеміршілерден және БІР ҚОЛА

Қазақстандық зілтемірші Александр ЗАЙЧИКОВТЫҢ қоласы – Қазақстан еншісіне жазылған оныншы медаль болды.

Александр 105 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Жұлқа көтеру сынында 193 келіні бағындырған Александр серпе көтеруде 223 келіні еңсерді. Барлығы 416 келіні көтерген зілтемірші үшінші нәтижені көрсетті.

Негізі, Александр серпе көтеру жарысындағы үшінші мүмкіндігінде 227 келіні көтерген еді. Алайда, бастапқыда Александрдың нәтижесін есепке алған төрешілер кейінірек бұл ұйғарымдарынан айнып, 227 келіні есепке алудан бас тартты. Сөйтіп, қазақстандық зілтеміршінің көрсеткіші 223 келі болып тіркелді.

Бұл салмақта өзбек Руслан Нурудинов чемпион атанды. Ол қос сайыста 431 (194+237) келіні көтерді. Ал, екінші орынды 417 (190+227) келіге шамасы жеткен армян Симон Мартиросян олжалады.

Александр Зайчиков 2015 жылғы әлем чемпионы. Лондон Олимпиадасына да қатысып, сәтсіз өнер көрсеткен. Онда ол 360 келімен 12-ші орынға табан тіреген-ді. Көптен күткен жүлдесіне Риода қол жеткізді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button