Жылытқыш жылу сыйлайды

Қарағандылық ғалымдардың «ЭКСПО – 2017» көрмесіне  қосар үлесі зор. Таяуда ойлап тапқан заманауи жылытқыш құралын көрмеге ұсынбақ.

Ғалымдардың айтуынша, жылытқыш құрал тез қызады, электр қуатына үнемді және қауіпсіз. Айтулы жабдық университеттің зертханасында 5 жыл бойы құрастырылған. Тіпті, патенттелген. Жылытқыш негізі вакуумдық түтіктен әзірленген, төзімділігі күшті. Бұрынғы қолданыстағы жылуды май қыздырғышынан бес есе тез бөледі. Ғимаратты жылыту жүйесі де жетілдіріліп арнайы тетіктер қосылған.

Жылу құрылғысы ғимараттың ішіндегі температураны өзі анықтап, қажетті мөлшерде жылу таратады. Сондай-ақ, арнайы пульт арқылы құрылғы үйдің жүйесіне қосылып, оны қашықтықта ұялы телефон арқылы басқаруға болатындығын Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Энергетические системы» кафедрасы меңгерушісі Али Мехтиев тілге тиек етті.

Өз тілшімізден.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.