Спорт

Жыл мықтысы – Гена

    Геннадий ГОЛОВКИН – жаһандағы ең үздік боксшы. Бокс тақырыбындағы басылымдар арасында беделі батпан «The Ring» журналының тұжырымы осылай.

Журнал жыл сайын салмақ дәрежесіне қарамастан жылдың үздік боксшысын анықтауды дәстүрге айналдырған.

Биылғы нұсқада жерлесіміз Генаға тең келер былғары қолғап шебері болмады. Сөйтіп, Гена жұдырықтылар шеруін бастады.

Екінші орында – америкалық Теренс Кроуфорд. Ал, үшінші сатының иегері – Василий Ломаченко. Ол Гильермо Ригондомен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Головкин кәсіби бокс карьерасында Сауль Альвареспен ғана тең түскені белгілі. Бүгінде келіссөздер жүруде. Көпшілік тағатсыз күткен жекпе-жек 5 мамырда өтуі бек мүмкін.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button