Жаңалықтар

Жолдау жүк артады

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын жария етті. Бұл жаңа бағдарлама – мемлекетіміздің алдағы жылдарға арналған даму бағдары, біздің әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына кіру жолындағы жаһандық қадамы.

Мен, қарапайым халықтың өкілі ретінде, осы бағдарламаны қолдап отырмын. Өйткені, онда бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешу жолдары көрсетілген. Әлемнің барлық мемлекеттері осыдан бірнеше жыл бұрын басталған экономикалық дағдарыстың салдарын әлі сезінуде. Олардың қатарында біздің мемлекетіміз де бар. Дегенмен, Мемлекет басшысының дана саясаты арқасында Қазақстан бұл сыннан аман-есен өтті.

 Әйткенмен, әлемдік экономикалық жағдай әлі де өзінің тұрақты жағдайына келген жоқ, қазақстандықтардың да босаңсымағаны жөн. Жаңа жолдау экономикалық саясаттың жалғасы болып табылады. Онда қазіргі таңдағы қиындықтарға төтеп беру, орын алған экономикалық сын-қатерлерден шығу жолдары айқындалған, орындалуы тиіс нақты іс-шаралар ұсынылып отыр.

 Ел экономикасын дамытудың басты салаларына айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнесті, көлік, энергетика, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға, қолжетімді тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар құрылысына мемлекет қорынан қыруар қаржы бөлінуде. Осы іс-шаралардың орындалуы халқымыздың әлеуметтік жағдайының өсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, ұрпағымыз да көретініне мен кәміл сенемін.

С.СМЕТОВ,

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ШАХТИНСК қаласы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button