Абай

Жолдарды жөндеу – қарқынды

    Абай ауданына қарасты Топар кенті мен Жартас селолық округі арасындағы автокөлік жолы аудандық маңызға ие. Күн сайын бұл жолмен 400-500-ге жуық көлік жүріп өтеді.

Көлденеңі 6 метр, биіктігі 1,2 метр болатын жолдың бүгінде әбден тозығы жеткен. Сондықтан, аудандық маңызға ие жолды жөндеуге облыстық бюджеттен 98 миллион теңге бөлінген. Ұзындығы 12 шақырымды құраған бұл жолға орташа жөндеу жұмыстары «Елді мекендердің көшелері мен аудандық маңызға ие автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Тапсырыс беруші – «Абай аудандық ТКШ ЖК АЖ және ТИ бөлімі» ММ. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын тапсырыс беруші жариялаған конкурс қорытындысы бойынша «Ритм» ЖШС фирмасы жүзеге асыруда.

Маусым-тамыз айларына жоспарланған жұмыстар кестесі бойынша 4200 шаршы метр болатын негізгі шақпатасты жөндеу жұмыстары, 4200 шаршы метр бір қабатты асфальтты бетонды жол жабындысындағы шұңқыр жерлерді жамау, 15,674 тонна қажетті материалдарды жаю, 2640 тонна асфальтбетонды қоспаны тегіс­теу, қара шақпатасты қолдана отырып 72000 шаршы метр жақсартылған битуммен жетілдірілген біржақты үстіңгі қабатты қайта өңдеу, жол белгілерін қою, сондай-ақ, жол жақтауларын қиыршық таспен бекіту, бейіндеу қарастырылған.

Белгіленген жоспар бойынша бүгінде жолдың негізгі шақпатасты жөндеу жұмыстары бойынша 4200 шаршы метрі ретке келтірілсе, дәл сондай ауқымдағы бір қабатты асфальтты бетонды жол жабындысындағы шұңқыр жерлер жамалған. Асфальтты бетонды төсеуішті қолданумен 450 тонна асфальтты бетонды қоспа тегістелді.

Мердігер компанияда 16 адам жұмыс істеуде. Жөндеу жұмыстарына 12 техника тартылған.

Жалпы, бүгінгі таңда аймақтағы автокөлік жолдарына арналған жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button