Бас тақырыпРесми

Жол жөндеуге қомақты қаржы бөлінді

Биыл облыста жолдарды жөндеуге 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есентаев мәлімдеді.

 

Жоспар бойынша, жыл соңына қарай аймақтағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол үлесі 84%-ды құрауы тиіс. Бұл бағытта қала аралық және қалалардағы көлік жүретін жол бөліктері ретке келтіріледі. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша бес аудандағы жолдарды жөндеу де осы сомада қарастырылған.

Атап айтқанда, биыл Ақтоғай ауылында 10,67 шақырым жол жөнделеді. Қарқаралы қаласында, Қарағайлы, Көктас және Бүркітті кенттерінде 17,7 шақырым асфальт жабыны қалпына келтіріледі. Осакаровкада – 3,22 шақырым, Ақсу-Аюлы кентінде 5,3 шақырым жол жөндеу көрмек. Жезді ауылында 8,1 шақырым жол жабыны да жөнделеді деп күтілуде.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button