Бұқар жырау

Жол жөнделеді

   Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ қабылдауында болған Солонички ауылының тұрғыны Алена СТЕПАНОВА ауылдағы бірқатар күрмеуі қиын мәселелерді сөз еткен болатын. Әсіресе, жолдың жағдайы өте нашар екенін айтқан.

Осыған орай, аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа қызметтік сапармен Бұқар жырау ауданының Солонички ауылына (Көкпекті) және «117 учетный кварталға» (Жаңаауыл, 6 бригада) келді.

Мұнда облыс әкімінің тапсырмасымен балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында бүгінгі таңда балалар алаңы салынған.

Анатолий Шкарупа Көкпекті және Жаңаауыл (6 бригада) тұрғындарының жиынына қатысты. Жиында су құбыры, қоқыс шығару, көшелерді жарықтандыру, көшелердің атауларын өзгерту, үйлерді нөмірлеу мәселелері көтерілгенімен, халықтың көкейіндегі басты мәселе – Қарағанды-Солонички, Жаңаауыл 9 шақырымдық жолын жөндеу жұмыстары.

Жиынға Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалинов, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданының әкімі Әлімжан Қанаев, Қарағанды облысы автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсұт Қожанов, облыстық энергетика басқармасының басшысы орынбасары Ұлан Үсенов қатысты.

Мақсұт Қожановтың сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда Бұқар жырау ауданы тарапынан бюджеттік өтініш әзірленген. Биылғы жылы шұңқырларды фрезерлік асфальт материалымен толтыру жұмыстары жүргізіледі. Ал, 2018 жылы облыс бюджетінен Қарағанды- Солонички, Жаңаауыл 9 шақырымдық жолында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 126 млн. теңге бөлінеді.

 Б.ҚҰДАЙБЕРГЕН,

аудан әкімінің баспасөз

хатшысы.

 БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button