Қарқаралы

Жол жөнделді

Жуырда Т.Әубәкіров көшесіндегі басты жолға асфальт төсеу аяқталды. 31 814 шаршы метр автомобиль жолына және көше бойында орналасқан көлік тұрақтарына 116,4 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жолды жөндеу жұмыстары аудан басшысы, мәслихат депутаттары, қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрағаларының тікелей бақылауында болды.

 Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер – «ГаварСтрой» ЖШС. Аталмыш көшедегі автомобиль жолы мен көше бойында орналасқан көлік тұрақтарына жол белгілерін салуға 2,291 млн. теңге қаражат қарастырылды. Нақты айтқанда, 1167,3 шаршы метр жол бояуымен және 134,4 шаршы метр пластикпен жасандырылды. Сондай-ақ, 15 автотұрақ, 23 жаяу жүргінші жолақтары және Т.Әубакіров, Н.Әбдіров көшелеріне белдік (осевая) жол белгілері салынды. Бұған «Kaplan Group» ЖШС жұмылдырылды.

Сонымен қатар, жолдың бойына 2,5 млн. теңгеге бағдаршам орнатылды.

Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button