Қарағанды

Жол қозғалысы қауіпсіздігін талқылады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің мәжіліс залында жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі конференция өтті.

Конференция жұмысына Қарағанды қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің, Қарағанды қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының, «Астана» өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының өкілдері, сондай-ақ, әскери оқу орындарының қызметкерлері қатысты.

«Сарбаздар, курсанттар мен офицерлер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жан-жақты теориялық, әскери-ғылыми және жалпы ғылыми білім берумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, ол – қару-жарақ пен әскери техниканы қауіпсіз пайдалану, жауынгерлік және басқа да техниканы қауіпсіз жүргізу, білікті техникалық қызмет көрсету әдістерін меңгеру» – деп атап өтті «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Сұлтан Камалетдинов.

Мәслихатқа қатысушылар жол қозғалысы қауіпсіздігінің қазіргі заманғы жай-күйі туралы баяндамаларды тыңдап, көрсетілген тақырыптар мен проблемалар бойынша, соның ішінде, жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі төңірегінде өз пікірлерін білдірді.

Конференция жұмысының қорытындысында «Автомобиль ісі» пәні бойынша курсанттарды даярлау сапасын арттыруға және жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстар қабылданды. Конференцияға қатысушылар әртүрлі ведомстволар мен жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мамандары өткізетін осындай кездесулер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыруға үлкен үлес қосарына сенім білдірді.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button