Жол инфрақұрылымы – ел игілігіне

     Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ «Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта жаңарту аясында Қарағанды қаласының айналма жолы құрылысы бойынша орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөліктерді тексеріп, мердігер ұйымдардың есебін тыңдады.

Биыл облыста ұзындығы 48 шақырымды құрайтын жаңа айналма жолдардың құрылысы жүргізіледі. Атап айтқанда бес жол айырықтары: «Қарқаралы», «Доскей», «Шахтер», «Үштөбе» және «Алматы» жобасы жүзеге асырылады. Жобаның құны – 35 млрд. теңге. Тапсырыс беруші — «ҚазАвтоЖол» АҚ.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Қанат Шайминның айтуынша облыс көлемінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жол жөндеу, көпір салу ісі қарқынды жүргізілуде. Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2784 шақырымды құрайды. 2013 жылдан бері «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Теміртау тасжолында жалпы ұзындығы 92,7 шақырым болатын 4 бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізілген. Жетілдірілген көпір құрылыстарымен және әртүрлі сатыдағы заманауи көлік айырымымен 4 жолақты жол көпшіліктің игілігіне жарамақшы. 65,3 шақырым жолға цемент-бетон төселсе, 27,6 шақырымның үстіңгі қабаты қиыршық тас-мастикадан жасалған асфальт-бетон төсемімен қапталған.

– Қарағанды қаласының айналма жолының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Құрылыс мердiгерлері – алматылық «Мостостроительный отряд №25» ЖШС және «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС, сондай-ақ, жергілікті компаниялар. Қарағанды облысының автомобиль жолдары Орталық Қазақстанның транспортты-логистикалық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылатындықтан жөндеу жұмысына бақылау күшейтілген. Салынатын жол 25 жылға дейін шыдас беретіндігі жөнінде компаниялар кепілдік беріп отыр. Жол құрылысы 4 лотқа бөлінген. Оның үшеуін «СП Сине Мидас Строй» ЖШС түрік фирмасы ұтып алды. Ол Пришахтинск ЖПУ-46-дан Қарағанды-Аягөз-Бұғаз жол айырығына дейінгі 15,6 шақырымға созылатын «Солтүстік айналма» бөлігін қалыпқа келтіреді. Қазіргі Қарқаралыға баратын көлік айырығынан басталып, Шахтер ықшам ауданына дейін апаратын жолды қалыпқа келтіріп, Шахтер ықшам ауданынан Екатеринбург-Алматы жолына дейін апаратын Заречное ауылының маңынан өтетін жолдың жаңа бөлігі салынады. Төртінші лот – ол жол айырықтарын салу. Онымен «Мостостроительный отряд им. Рязанова А.» ЖШС алматылық компаниясы айналысады. Жаңа жол төрт жолақты болады, негізгі материал – асфальт-бетон, жоғарғы қабаты – ұсақ тас-мастикалық асфальт. Жол құрылысына қажетті барлық дерлік шикізат – қазақстандық өнімдер,– деді Қанат Шаймин.

– Қарағанды қаласының айналма жолының құрылысы барлық өңірдің транспорттық инфрақұрылымын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді. Экологиялық мәселені де шешеді. Қазір мердігерлердің басты міндеті елге ыңғайлы болу үшін қайта жаңартуды дер кезінде қолға алып, сапалы жолмен қамтамасыз ету. Кестемен жұмыс жасап жатқан боларсыздар. Мен ай сайын жұмыс барысын тексеріп отырамын,– деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов.

Теміртау-Қарағанды, Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналымы жолдарының жөнделуі адамдардың, азаматтардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты екендігін жеткізді. Жергілікті халықты іс жүзінде жұмыспен қамту, азаматтардың үлкен жұмыспен қамтамасыз етуге жол ашуды алдыға тартты.

Осы орайда, «Сине Мидас Строй» фирма-мердігердің өкілі Али Четкин компаниясындағы 98% жұмыскерлер – қазақстандықтар екендігін атады. Олардың 70%-ын жұмыспен қамту орталығынан сұраныспен алдырып, қарағандылықтарды жұмыспен қамтуға қолұшын бермекші. Қорытындылай келе облыс әкімі компанияның Қарағанды облыстық филиалының және мердігер ұйымдардың жетекшілеріне облыстағы республикалық автожолдардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылау қажеттігі туралы бірқатар тапсырмалар берді. Әрі, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жолдар сапалы әрі уақытында орындалуы керектігін жүктеді.

Айта кетейік, күніне Қарағанды арқылы 22 000 транзиттік автокөліктер өтетін көрінеді. Айналып өту жолының құрылысын 2019 жылдың қарашасында аяқтау жоспарланып отыр.

Нұрдос КӘРІМ.

Суреттерді түсірген

Д.КУЗМИЧЕВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.