Абай

Жол қашан жөнделеді?

Абай ауданына қарасты Сарепта ауылының тұрғындары үшін қалаға бару мұңға айналды. Бірнеше жыл бұрын «Қазақстан» шахтасының іргесінен ашық әдіспен көмір өндіре бастаған болатын. Ауыл мен Шахтинскті байланыстырып тұрған күре жолдың дәл іргесін қазғандықтан, жол опырылып кетті. Ауыл тұрғындары қалаға бару үшін «Қазақстан» шахтасының аумағындағы айналма жолмен жүруге мәжбүр. Өндіріс орны болғандықтан, шахта аумағында жүк көліктері көп жүреді. Олардан көтерілетін шаң адамның тынысын тарылтып, жүруге мұрша бермейді. Әрі көмірдің тозаңы денсаулыққа кері әсер ететіні тағы бар.

Әрине, көмір өндіру – қажет. Десек те, мердігер компаниялар үлкен жолдың жүруге жарамсыз екенін аңғарған соң, халыққа басқа жол ұсынуы керек емес пе? Заң бұл туралы не айтады?

«Шахтинск-Сарепта-Самарка» бағытындағы жол қашан қалпына келтіріледі?

Сарепта аулының тұрғындары.

Басқа материалдар

Back to top button