Жаңалықтар

Жоқтан бар жасағандар

Интернет арқылы жоқтан бар жасап, шексіз байлыққа кенелуге болады. Бастысы, алдыңызға мақсат қоя біліңіз. Әлемдегі алпауыт компаниялардың мысалына зер салыңыз.

Uber – әлемдегі ең ірі таксопарк. Онлайн да такси шақыру мүмкіндігін ұсынатын бұл компанияның өкілдіктері барлық елде бар. Күн сайын мыңдаған адам діттеген жерге жету үшін Uber-такси қызметін қолданады. Әйтсе де, компанияның өзіне тиесілі бірде-бір көлігі жоқ.

Қытайлық кәсіпкер Джек Маның есімі елге жақсы таныс. Кедей отбасынан шыққан бозбала күнін көру үшін жұмыс іздеп сабылады. Ашқан есіктерінің ешбірі оны қабылдамай, мысы құриды. Тіпті, даяшылық жұмысқа да тұра алмайды. Әйтсе де, сағы сынбай, аздаған жылда қалталылар қатарына қосылды. Ол іргесін қалаған Alibaba – әлемдегі ең ірі интернет-дүкен. Алайда, жеке тауар қоры жоқ.

Биткойн – қағаз ақшасы немесе монетасы жоқ жалғыз валюта. Оны тек интернетте ғана қолдана аласыз. 1 биткоин – 18 000 АҚШ долларына тең.

Airbnb – тұрғын үй нарығындағы ірі компания. Бірақ, жылжымайтын мүлкі жоқ. Ол да өз кәсібін интернет арқылы жүргізіп отыр. Жаза берсек, мұндай мысалдардың жүзін келтіруге болады. Барлығының бастауында өз кәсібіне адалдықпен қараған қарапайым адамдар тұр.

Маржан терген Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button