Жиын тақырыбы — өзекті

Қарағанды қаласында 11- 13 қыркүйек аралығында Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының ұйымдастыруымен бюджеттік бағдарлама бойынша «Техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес және техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы өнеркәсіптік ұйымдардың әртүрлі деңгейдегі мамандарының кәсіби деңгейін жақсарту және жетілдіру болып табылады. Әрі іс жүзінде өнімдер мен қызметтерді өндіруді жақсартудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық қажетті құралдарды дұрыс және тиімді пайдалану. Семинарда еліміздегі техникалық реттеу, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу жүйесі, стандарттау саласындағы жаңа бағыттар, халықаралық стандарттау, Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері, техникалық реттеу саласындағы ақпараттық-нормативтік қолдау, мемлекетаралық стандарттау, аккредиттеу жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, Кәсіпкерлік кодексі, кәсіпорын бизнесінің бағыттары бойынша техникалық регламенттер, басқару жүйелері, өнімдерді каталогтау, нормативтік-техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қоры тақырыптары талқыланды.

Аталған семинар әр жылы Қазақстанның барлық облыстарында өткізіліп тұрады. Биылғы жылы семинарға Қарағанды қаласының өнеркәсіп орындарынан 70-тен астам маман қатысты. Семинарға облыстың орта және шағын бизнес өкілдерінен мамандар, орта және аға басқару деңгейлердегі өкілдер қатысты. Оқыту семинарын жоғарғы білікті мамандар мен эксперт-аудиторлар жүргізді. Семинар кәсіпорындар мен шағын және орта бизнестегі мамандардың біліктілігін арттыруға үлкен үлес қосты.

Семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Өз тілшімізден.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.