Жезқазғанда жастар театры ашылды

Жастар жылы аясында Жезқазғанда жастар театры ашылып, ұжымның алғашқы қойылымы өтті.

Жезқазғандық жас актерлер өз театрын ашуды бірнеше жылдан бері армандап келген. Осыдан 10 жыл бұрын «Актерлік шеберлік» бөлімінің студенттері шығармашылық ұйым құрады. Әйтсе де, олардың кәсіби өрлеуіне мүмкіндік болмаған. Тек, кей студенттер ғана қалалық театр сахынасында өнер көрсету мүмкіндігін иеленген екен. Енді, жастардың өз шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен айналсуға мүмкіндіктері бар. 

Әзірге ұжым құрамында 20 актер бар. Қазір шығармашылық ұжым репертуарларын толықтырып, жаңа қойылымдарға дайындалу үстінде. Алдағы күзде жақын елді мекендерге гастролдік сапарға шығуды да жоспарлап отыр.