Жезқазғанда жаңа мектептің құрылысы басталды

Жезқазған қаласында 900 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысы басталды. Жобаның авторы — «Шебер» ЖШС. Ал, мердігер — «Аспап» өндірістік кооперативі. Қазіргі таңда мектептің іргетасы қаланып,  бағаналарды, плиталар мен панельдер орнату бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.  

Жоспар бойынша, мектеп құрылысы 2020 жылы аяқталуы тиіс. Құрылыс жұмысы қатаң бақылауда болып, жұмыс сапасына ерекше мән беріледі.  Құрылыс алаңында авторлық және техникалық қадағалау да жүзеге асырылады.

Жаңа мектепте инклюзивті оқыту қарастырылған. Ол тек Жезқазғанның оқушыларын ғана емес, сонымен қатар Ұлытау ауданының балаларын да қабылдайды. Қазіргі заманғы оқу ордасының ашылуы балаларға сапалы білімге қол жеткізуге мүмкіндік тудырады.