Жезқазғанда — медицина жетістігі

Жезқазған қаласындағы «Медициналық орталық» ЖШС хирург-дәрігерлері жүрекке ота жасау ісіне батыл кірісті. Ел көңіліне қонымды әрекетке «Қазақмыс» корпорациясының мемлекеттік-жекеменшік серіктестік талабы аясында Францияда құрастырылған INNOVA 530 қондырғысын сатып алып, жеткізіп беруі берік негіз қалап отыр.

Медицина будущего

Қазіргі таңда аталған медицина мекемесі Қарағандыдағы кардиологиялық хирургия орталығымен тығыз байланыс орнатып, интервенциялық кардиология жұмысын жолға қойған. Қарағандылық білікті мамандардың мысты қалаға арнайы келіп, жергілікті дәрігерлерді жаңа қондырғыны басқару шарттылықтарын жетік меңгеруге баулуы, ота жасауға қатысты тәжірибелерімен бөлісуі игілікті істің ширай түсуіне жағымды әсер етуде. Бұдан тысқары, жезқазғандық хирургтердің Ресейдің танымал клиникаларында, сондайақ, облыс орталығында біліктіліктерін жетілдіруіне де жете мән беріліп отыр

Медициналық орталықтың ресми өкілінің мәлімдеуінше, бірнеше науқасқа жасалған алғашқы оталар сәтті өткен екен. Кеселден айыққандардың алды отбасыларына оралып та үлгеріпті.

Алдағы уақытта емдеу мекемесінде жасалатын шұғыл және жоспарлы оталар өтемақысы мемлекет қаржысы есебінен төленетін болады. Мұнда биылғы жылдың соңына дейін жүрек-қан тамырларына 150 коронографиялық зерттеу жүргізіп, 50 сырқатқа ота жасау мүмкіндігі бар.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

«Орталық Қазақстан»

 ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.