Жезқазған

Жезқазғанда биоэлектр станциясы салынады

Жезқазғанда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ауқымды жоба жүзеге асады. Шетелдік инвесторлар биоэлектр станциясын салып,  тұрмыстық қалдықтардан газ өндіруді көздеп отыр. Бұл қаладағы бірқатар мәселені оңтайлы шешуге жол ашады. 

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаевтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады, тұрмыстық қалдықтар кәдеге асады және “Жасыл экономика” технологиялары ілгерілейді.

 «Биоэлектр станциясының құрылысы» жобасын Кеңгір ауылынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан 4,5 га алаңда іске асыру жоспарлануда.   Жобаны жүзеге асыруға  «Kaz Green Energy» ЖШС тапсырыс берген. Ал, оған  словакиялық компания инвестиция құятын болады.  Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталады деп күтілуде. 

Басқа материалдар

Back to top button