Бас тақырыпЖезқазған

Жезқазғанда Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының бөлімшесі ашылды

Жезқазған-Ұлытау өңірінде Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының бөлімшесі ашылды. Филиал кеңесінің кезекті отырысында қабылданған шешім бойынша бөлімше төрағасы болып, Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасының директоры Базарбай ӘЛЕУХАНҰЛЫ сайланды.

Шешім талабына сәйкес, жаңа төраға қоғамдық негіздегі бұл қызметті үш жыл атқаруы тиіс.

Базарбай Әлеуханұлы – журналистика саласында ұзақ жылдар бойы маңдай терін төгіп келе жатқан білікті маман, іскер ұйымдастырушы. Сайлау барысында бөлімше төрағалығына үміткердің осынау ерекшеліктері – қаламгерлік тәжірибесі, ұйымдастыру ісіндегі қарым-қабілеті, сонымен қатар, қоғамдағы беделі назарға алынғанын айта кеткен жөн.

 Журналистердің басын біріктіріп, мақсатты жұмыстарға бағыттай білу міндеті жүктелген облыстық филиалдың жаңа бөлімшесінің төрағасы енді Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен, ондағы қалам ұстаған қауыммен тығыз қарымқатынаста жұмыс атқаруы тиіс.

Оның әріптестері одақтың өңірдегі өкілдік жетекшісінің журналистерді бір арнада тоғыстырып, толымды істерге бастарына сенімді.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button