Бас тақырыпЖезқазған

Жезқазғанда қайырымдылық сөресі ашылды

Жезқазған қаласындағы дүкендердің біріне қайырымдылық сөресі қойылды. Мұқтаж жандарға осында келіп, тегін азық-түлік алуға болады. Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған ілкімді іске полиция қызметкерлері қолдау көрсеткен.

Қайырымдылық сөресінің жұмысы өте қарапайым. Оған кез келген адам қатыса алады. Яғни, дүкенге келген сатып алушылар сөреге азық-түлік қалдырып кетеді. Оны қиналған адамдар тегін алады. Қазірдің өзінде бұл бастама қала тұрғындары тарапынан қолдау тапты.

Сөренің толықтырылуын ешкім қадағаламайды. Ұйымдастырушылар  «Мүмкіндігіңіз болса көмектесіңіз, мұқтаж болсаңыз – алыңыз!»  қағидасын ұстанған. 

Басқа материалдар

Back to top button