Жаңалықтар

Жеті жастағы қарағандылық балғын қыз әлем аруы атанды

Қарағандылық  Айша Әбенова “Кішкентай әлем аруы – 2019” байқауының жеңімпазы атанды. Ару қызға  “Best of the best” және “Miss Talent” атақтары қоса табысталған.

Бодрум қаласында өткен байқауға 7 жас пен 12 жас аралығындағы 30 бала қатысқан. Байқау барысында балалар ұлттық костюмдерді таныстырып, өнерлерін ортаға салды және берілген тапсырмаларды орындады.  

Бұл Айша Әбенованың алғашқы жеңісі емес. Ол осыған дейін “Қарағандының кішкентай аруы” атанып, артынша “Mini Miss Grand Prix Russia 2018” байқауында топ жарған еді.  

Басқа материалдар

Back to top button