Басты тақырып

Жерлеу рәсіміне қатысты

        Кеше Шахан кентінде орын алған төтенше жағдайлардың салдарынан қаза тапқан алты адамның жерлеу рәсімі өтті.

        Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жерлеу рәсіміне қатысып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.

Бұл – өте ауыр қайғы. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, және қолдан келгенше қолдау білдіруге дайынбыз, – деді аймақ басшысы.

        Валери Михайловты Сарепта ауылына, ал қалған бес адамды – Виталий, Ольга, Евангелина Андроповтарды және Василия мен Артур Галышевтарды Шахан кентіне жерледі.

         Осыған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімдігі жерлеу мен еске алу рәсіміне қатысты шығындардың бәрін өз мойынына алды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі қаза тапқандардың отбасына 1 млн. теңге, ал, жарақат алғандарға 500 мың теңге материалдық көмек көрсетеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button