Жаңалықтар

Жерлесіміз жеңіс тұғырында

Өткен сенбіде Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Теңдік ауылында Мұса Шорманұлының 200 жылдығына орай «Ақылға дана, кен еді…» атты ақындар мүшәйрасы өткен еді. Нәтижесінде, жерлесіміз ақын Айзада РАХЫМЖАНОВА жүлделі І орынды қанжығалап қайтты.

Мұндағы басты мақсат – мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, фольклортанушы, өлкетанушы, ағартушы, он бес жыл бойы Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған Алаштың арда азаматының есімін ұлықтау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған ізгі шараға «Ертіс-Баян тарихи тұлғалары» қоғамдық қоры мен Мұса мырза Шорманұлының 200 жылдығын тойлауды ұйымдастыру комитеті ұйытқы болыпты.

Нұрқанат ҚАНАФИН,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button