Спорт

Жерлесіміз – жүлделі

Olympic.kz. ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда Франция астанасы Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр. 73 келіде сайысқа түскен қарағандылық Жансай СМАҒҰЛОВ финалға дейін Молдова, Оңтүстік Корея, Канада, Грузия және Тәжікстан спортшыларын айқын басымдықпен ұтып, жеңіске жетті.

Сурет Olympic.kz сайтынан

Ол ақтық сында жапониялық Соичи Хашимитомен кездесіп, қарсыласына «вазари» әдісімен жол беріп, екінші орынға тұрақтады. Жекпе-жек бір-бірімен жабыса, айырылмай күресуден басталғандықтан, жапон спортшысы ескерту алды. Бұдан соң олар өздері үшін тиімді әдіс қолданғысы келгенімен, бәрі де сәтсіз шықты. Финал негізгі уақыттың соңына дейін жалғасқандықтан, оған дейін Жансай да ескерту алған. Белдесу аяқталар сәтте жапондық нәтижелі әрекет жасап, алға шығып үлгерді.

Бұған дейін Жансай Смағұлов алты жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен болатын.

Қарағандылық спортшының жаттықтырушылары – Қайдар Қанжанов пен Сергей Дмитренко.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button