ЖаңалықтарҚарағанды

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес күшейеді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа кәсіпкерлер «заңсыз қазбашылар» жайлы шағым айтты. Олардың айтуынша, жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілері анағұрлым ауқымды және қылмыстық сипатқа ие болып бара жатыр. Ұрлықшылар табиғатқа зиян келтіріп, ешқандай салық төлемейді, осылайша заңды бизнеске кедергі келтіруде. Бұл мәселе облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік жөніндегі Комиссияның отырысында талқыланды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты хабарлады.


Бұл жайт аймағымыздың құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге келісімшарттары бар кәсіпорындарына әсерін тигізуде. 
– Біз бұл мәселені осыған дейін де көтергенбіз, соңғы уақытта ол күрт шиеленісіп кетті. Бұл немен байланысты екенін білмеймін, бірақ деректер барлығын көрсетіп отыр. Егер бұрындары негізінен екі мың тоннаға дейін тапсырыстары бар мобильді топтар әрекет етсе, биылдан бастап ұрау жайттары жаппай қылмыстық сипатқа ие болып кетті. Бұл бағытта 10-20 тоннаға дейінгі тапсырыстарды алатын толық бригадалар әрекет жасайды, – деді «Импульс» ЖШС директоры Юрий Венчиков.
«Заңсыз қазбашылар» ресми өндірушілерден демпингтік баға есебінен нарықтың басым бөлігін өздеріне бұрып отыр. Жәнеде олар мемлекет алдында ешқандай міндеттемелерді орындамайды.
– Біз бұл проблема туралы білеміз. Ол бізде жазғы-көктемгі маусымда, қалаларда құрылыс басталған кезде пайда болады,- деді Қарағанды облысының Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Жандос Сыздықов.

– Жыл басында біз ғарыштық суреттерді пайдалана отырып, жағдайды сараптадық. Алдын ала заңсыз жер қойнауын пайдаланушы 65 учаскіні анықтадық: 36 – Бұқар-Жырау ауданында, 12 – Қарқаралы ауданында, 11 – Қарағандыда, 3 – в Шахтинскіде, 2 –Теміртауда және 1 – Абай ауданында. Дегенмен бұл салаға жауап беретін Экология департаментімен небары 4 тексеріс қана жүргізілген. Осы учаскілердің барлығы бойынша олар жұмыс істеп жатыр. 
Өз пікірлерін Экология департаментінің, Жергілікті полиция қызметінің өкілдері мен бизнесмендер білдірді. 
Нәтижесінде «заңсыз қазбалаушылармен» күрес жүргізуге қатысты шараларды жасайтын жұмыс тобын құру шешімі қабылданды. 
– Мен барлық мемлекеттік органдарды тыңдап шықтым. Барлық проблема бірыңғай позиция, іс-әрекеттердің үйлесімдігі жоқтығында. Сондықтан облыс әкімінің орынбасары Шайдаровтың басшылығымен жұмыс тобын құрамыз. Оған барлық мүдделі тараптарды енгізу қажет: табиғатты қорғау прокуратурасы, Экология департаменті, облыстық басқармалар, Жергілікті полиция, Кәсіпкерлер палатасы, бизнесмендер. Бір айдың көлемінде жүйелі шаралар құру қажет. Әрине, заңсыздықтармен күресу қажет. Нақты тиімді шаралар керек. Олардың нәтижесі туралы Комиссияның келесі отырысында маған мәлімдеңіздер, – деп талап етті Ерлан Қошанов. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button