Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес – басты мақсат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға айрықша назар аударылған. Сонымен, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғасатынын мәлімдеді.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектісі ретінде, өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді. Техникалық оқу жүргізудің жылдық жоспарына сәйкес, 2017 жылы қолданыстағы, соның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөнінде сабақтар жүргізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері тексеру комиссиясы төрағасының қатысуымен өткен аппараттық жиналыстарда да қаралып, қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілген. Аудиттерді жүргізуге дайындық аясында тексеру комиссиясының мүшелері нұсқамалық (техникалық оқу), соның ішінде, мемлекеттік аудиторлармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде түсіндіру әрі насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Аймақта сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын сенім телефоны жұмыс істейді (оның нөмірі 42-14-99). Сондай-ақ, тексеру комиссиясы басшыларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.

Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында тексеру комиссиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады. Сайтта (krgrevcom.gov.kz) тұрақты түрде тексеру комиссиясы басшылығының кірістері мен мүлкі, мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер жарияланады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде аудит нысаны үшін де (аудитті бастау алдында нысанға табысталады) аудиторлардың заңдылықты бұзу жағдайларында тексеру комиссиясының лауазымды тұлғаларымен байланысу мүмкіндігі берілген жадынамалар (жұмыс, ұялы телефондары, электрондық мекен-жайлары көрсетілген) әзірленді.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын екі құрылымдық бөлімшелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілген, нәтижесінде тиісті ұсыныстар жасалды.

Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында жүргізілетін (жүргізілген) мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі құрылып, оған аудио-бейне роликтер орналастырылған.

Жыл сайын бекітілетін медиа-жоспарға сай бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік аудит, соның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы материалдар бойынша мақалалар жарияланып тұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау жұмыстары тексеру комиссиясының ішінде шағын плакаттарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпараттық стендті, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған пошта жәшігін орналастыру арқылы жүргізіледі.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстары үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығын қамтамасыз ету қоғамның сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзуге болмайтын қарым-қатынасын қалыптастыруға және халық тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға септігін тигізуі тиіс.

Қарағанды облысы бойынша

тексеру комиссиясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button